Home » Мақалалар » Үй жануарлары

Үй жануарлары

 

Нұр-Сұлтан  қаласының әкімдігінің
 «Мамандандырылған  балалар үйі»
Жоғары деңгейдегі жоғары санатты логопед
 Абсеитова Гаухар Зейноллаевна

Мақсаты:  Ойыншықтарға қарап жануарлардың дауыстарына еліктеп дыбыс шығаруына жағдай жасау: ав-ав, мияу-мияу, му-му;

Міндеттері:                  

  • Тұрмыста күнделікті қолданатын сөздерді түсінуіне жағдай жасай отырып  дамыту, күнделікті  қарапайым  қатынас  жасау түрлерін көрсету.
  • Жалпы және ұсақ моториканы дамыту, заттың көлемімен түсіне қарай салыстыру және ажырата білуге үйрету.
  • Көру және есту қабілеттерін, сөйлеу кезінде дұрыс демалысын дамыту.

Көрнекі құралдар: ғажайып қапшық, жануар ойыншықтар, суреттер (пирамида, машина, қоян, мысық, ит, ат)мақтадан жасалған шариктар, аңдарға тағам салынған  тәрелке , Сеген тақтайшасы, мозайка, су құйылған ыдыс.
Барысы:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Мадина, маған көрсетші, Дамир қайда?
  • Даниал, ал енді сен көрсет, Мадина қайда? (балалар сұқ саусағымен көрсетеді).
  • Балалар, мен кіммін? Менің атым Гаухар апай.

Артикуляциялық гимнастика.
«Күрекше», «Сағат», «Тілімізді көрсетеміз»,
«Ат» жаттығулары.
Тосынсый кезеңі. Ғажайып қап.
— Балалар, қараңдаршы, мен сендерге қандай әдемі қап әкелдім.
Ол жай қап емес, ғажайып қап, оның ішінде бір нәрселер жатыр.

  • Олжас, қолыңды салып ішінен бір затты алып шық. (балалар кезекпен әртүрлі ойыншықтарды алып шығады- ит, мысық ,ат, әтеш, сиыр).

Логопед балалардың  алып шыққан ойыншықтарына қарап оларды бейнелейді.

  • Вероника, бұл не? Мысық.
  • Дұрыс, ол қандай әдемі, кішкентай. Ол қалай дыбыстайды? (мияу- мияу). Қанеки, барлығымыз бірге дауыстап айтайықшы:

«мияу- мияу».

Осылай кезекпен әрбір ойыншықты алып жануарлардың дауысына еліктеп (мияу-мияу, ав-ав, му-му, кукареку, но-но), таңдайды қағу.

  1. Ойыншықтар салынған суреттерді қарау.

— Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі суреттер, мен оны     сендерге алып келдім.- Ратмир, қарашы, мынау не?

— Бұл доп, ол дөңгелек, домалайды, онымен ойнауға болады.

— Элеонора, ал мынау не? (қуыршақ).

— Ол қандай? Оның дене мүшелерін көрсетші және т.б.

Балалар қуыршақ, доп, аю, машина, пирамида, қоян ойыншықтар салынған суреттерді қарайды.

  • Жарайсыңдар, балалар. Сендер суреттегі барлық ойыншықтарды атадыңдар және оны дұрыс бейнеледіңдер.
  • Ал, енді аздап демалайық.

Сергіту сәті

Шеңбер жасап тұрамыз.
«Тербеледі ағаштар» (қимылмен көрсету)
«Қоян жуынады» ( қимылмен көрсету).
Екі бала сенсорлық тәрбие зонасында логопедпен келесі тапсырмалармен жаттығуларды орындайды.
а) 3-4 сақиналы пирамиданы жинайды (көлеміне қарамай).
ә) үш геометрияляқ пішіндері бар . Сегена тақтайшасымен жұмыс.
б) түстерді ажыратуға арналған жаттығу (таяқшалар салынған стақан, 3-4 түсті).
в) ұсақ моториканы дамытуға арналған  мозайка жаттығуы «Гүл егеміз», (балалар тәрелкедегі ұсақ мозайкаларды  тесіктерге салып гүл құрастырады, тапсырмаларды орындап болғаннан кейін қайтадан орнына жинауға үйрету).
Осы уақытта басқа екі бала ойын зонасында жаттығады. Логопед алдын ала ыдысқа бұршақтарды салып  дайындайды.
а) Балалар бір ыдыстан екінші ыдысқа бұршақты салады, қасықты дұрыс ұстауға үйренеді.
ә) Шәшкедегі суды екінші ыдысқа құюға үйрету.
Тіл дамыту зонасында екі баламен басқа логопед ойын өткізеді «Қонаққа ит пен мысық» келді ойыны көрсетіледі.

  • Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді?
  • Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл ит пен мысық. Олар қандай әдемі, жұмсақ (дене мүшелерін көрсету).
  • Қане, оларды тамақтандырайық.
  • Мысық тамақты қалай сұрайды? (Мияу- мия).
  • Ал, ит қалай үреді? (Ав-ав).
  • Мысық қандай тамақты жақсы көреді? Кім айтады? (Сүт).
  • Дұрыс айтасың, сүтті жақсы көреді.
  • Ал, ит нені жақсы көреді? (Сүйекті).
  • Әрине, ол сүйек мұжығанды жақсы көреді.
  • Даниар, сен мысыққа тамақ бер. (бала тәрелкеге стақаннан сүт құяды), осылай тамақтандырады.
  • Қане, көрсетші, мысық сүтті қалай жалайды. (тілмен қимыл көрсету).
  • Ал, сен Мадина, итке тамақ бер. (бала тәрелкені алып сүйек салып итке береді).
  • Рахмет, балалар, біздің қонақтарымыз тамақтанды, сендерге рахметтерін айтып сендермен қоштасады.

Тыныстық жаттығу «Футбол».
Балалар стөлдің екі жағынан отырып мақтадан жасалған шарикті  бір –біне қарай үрлейді. Балаларды ұзақ және біркелкі дем шығаруға бағыттап отыру.
Қорытынды
Балалар оқу қызметі аяқталғаннан кейін шеңбер жасап қолдарынан ұстап тұрады, логопед балаларды мақтап бүгінгі жасалған істерін атап айтып өтеді.

  • Жарайсыңдар, балалар, сау болыңдар!

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.