Анартаева Назира Мураскызы
Шымкент қаласы
№24 Саттар Ерубаев атындағы IT мектеп-лицейі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
тарих пәнінің мұғалімі
Оқушысы: Шалдарбек Нурислам Сержанұлы
7 сынып оқушысы
Әлеуметтік жоба тақырыбы: «Қоғамда қарттар үйін азайтудың этнопедагогикалық алтернативті жолы және инклюзивті білім беруді дәстүрлі оқыту жүйесіне бейімдеудің оңтайлы жолдары»
ҚОҒАМДА ҚАРТТАР ҮЙІН АЗАЙТУДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛТЕРНАТИВТІ ЖОЛЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ»
Шығармашылық жоба номинациясы: «Жақсылық керуені»
Жоба бағыттары: «Қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету»
Жоба авторы: Пәленшиев Пәленше Пәленшеұлы Шымкент қаласы білім басқармасының С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Назира Мурасқызы Шымкент қаласы білім басқармасының С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі
Жобаның мақсаты: Соңғы жылдары елімізде, әсіресе Шымкент қаласында қарттар үйіндегі егде жастағы адамдар саны 2010-2015, 2015-2020, және 2023жылға дейінгі аралықты салыстырмалы түрде зерттеп қарағанда ондағы паналап жатқан қарттар саны түрлі факторлар есебінен азайған. Бірақ, ол түбегейлі жабылып қалған жоқ. Бұл жобаның мақсаты да қарттар үйіне барып ұдайы түрле жүргізілген зерттеулер, сұқбаттасулардың қорытындысына анализ жасай келе пайда болған идея. Яғни, қарттар үйін азайту үшін, онда паналап келушілер санын азайтудың тетіктерін табу. Ал, оны қалай жүзеге асырамыз? – деген заңды сұраққа этнопедагогикалық тәрбие арқылы алтернативті жолды ұсынамыз. Жобаның екінші қосарлы мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін, яғни инклюзивті білім алатын оқушыларды қалай өзге балалар арасында еш қиындықсыз, еркін ұстай алуына, түрлі кемсітушіліктерге жол бермеуге, жалпы айтқанда инклюзивті білім беруді дәстүрлі оқыту жүйесінде бейімдеудің оңтайлы жолдарын ұсыну болып табылады.
Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету жолында төмендегі мінддеттер алға қойылады:
- Қарттар үйін паналаушы қариялармен үздіксіз байланыс орнату;
- Мектеп оқушыларын 100% қарттар үйіне қайырымдылық іс-шараларына тарту;
- Қарттар үйіндегі қариялармен, олардың тағдыры жайлы баяндау үшін,оқушылармен кездесу жиындарын өткізіп отыру;
- Мектептегі инклюзивті білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен үздіксіз байланыс орнату;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау үшін мектепте арнайы ресурстық орталық құру;
- Ресурстық орталық жұмысын жетілдіру арқылы инклюзивті білім беруді дәстүрлі білім беру жүйесіне бейімдеу жолдарын қарастыру.
ҚОҒАМДА ҚАРТТАР ҮЙІН АЗАЙТУДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛТЕРНАТИВТІ ЖОЛЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ»
Жобаның барысы:
Жоба аясындағы жұмыстар үш жыл қатарынан яғни, 2020 жылдан бастап жоспарланы, жүзеге асырлып келеді
1-кезең: жоспарлау; жоспарды жүзеге асыру үшін нақты іс-шаралар ұйымдастыру
2-кезең: жүргізілген іс-шараларға талдау жасау
3-кезең: мақсатқа жету жолында жүргізген жұмыстарды қорытындылау
Жобаның 1-кезеңінде қоғамда қарттар үйін қайтсек азайтуға болады? – деген сұрақтың шешімін табу үшін арнайы жоспар құрылды. Ол бойынша қарттар үйіне оқу жылы бырысында үздіксіз қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Оған тартылған мектеп оқушыларының контингенті қарттармен сұқбатқа тартылды. Қарт десе, әркімнің көз алдына өз шаңырағына құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қария елестері анық. Тілеуімізді тілеп, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дейміз. Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын, ата-әжелерін алақандарында аялап отырған жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, махаббатын, жан шуағын аямаған ата-анасына қатыгездікпен қарайтын адамдар көбейіп келеді. Бүгінгі таңда елімізде қарттарға арналған жүзге жуық мекеме тіркелген. Ал оларды пана етіп отырған адамдар саны 35 мыңнан асып түседі. Олардың басым бөлігі қазақтар. Осы орайда «миллиондаған бюджет қаржысын қажет ететін қарттар үйі керек пе?» деген сауал туындайды. Жоғарыдағы жантүршігерлік статистиканы негізге ала отырып, өкінішке қарай, «керек болып тұр» деуге мәжбүрміз. Жалпы, қазақ қанында бұл сұмдық бұрын-соңды болмаған. Бірақ әр адамның тағдыры әрқилы. Сондықтан осындай үйлерді пана етіп жатқандардың жан дүниесіне үңіліп, жүрек дүрсіліне құлақ түре жүру қай-қайсымызға да артықтық етпейтіні анық. Өйткені халқымыздың «Жас күнімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейтін мақалы жайдан-жай айтылмаса керек. «Қарттар үйі» деп аталатын әлеуметтік медициналық мекемелер қалмызда да жетерлік. Мұнда тіршілік етіп жатқан қариялардың барлығы мүлде жалғызбасты жандар емес. Кейбіреуінің балалары ел танитын ауқатты адамдар. Олардың тарапынан «Бізге көнбейді, амалсыздан алып келдік. Барып, хал-жағдайын біліп тұрамыз» дегендей уәж айтылатын көрінеді. Бірақ барлығы ондай еместігі де жасырын емес. Мәселен, қарияларды қарттар үйіне баруға жетелейтін жағдайлардың тағы бірі – жастар тарапынан құрметтің аздығы. Қазіргі жаһандану кезінде тәрбиенің тұтқасы әлсіреп қалғаны мәлім. Бұқаралық ақпарат құралдары, электронды желілер, айфондағы арпалыс болмысымызға жат әрекеттерді тоқтаусыз таратып жатыр. Балқұрақтай жасөспірім мұны талғамсыз қабылдайды. Олар үлкендердің ақыл-кеңесін құлаққа іле бермейді, құндылықтың мәніне тереңдемейді. Өйткені бұл өсиеттерді өмір талаптарынан артта қалушылық санайтындар баршылық. Интернеттің құлағында ойнайтын бүгінгі жастарды былай қойғанда, аяғын енді басып, тілі жаңа шыққан балақайлардың өзі компьютерден, ұялы телефоннан бас алмайды. Олар ұлттық қалып, әдеп-ғұрып қағидаттарын ұғынуға ұмтылмайтынын көріп жүрміз. Үлкендердің әңгімесі жерде қалуда. Айналамыз ғаламторға телміріп отыр. Осы ретте мектеп оқушыларын, жастарды қарттар үйіне алып барып, ондағы қариялардың өмірімен таныстырудың, қарттарға қамқор болуды насихаттаудың игі әсері болар еді. Мейрамдарда кіріп-шығып, бір мезеттік сыйлық үлестіргеннен гөрі мұның ұтымды жақтары көп екендігі анық.Міне, жобаның мәні де осыда жатыр. Жастарға этнопедагогикаға негізделген тәрбиені саналарына сіңіру арқылы, қарттар үйіне жиі-жиі апарып ондағы ахуалды көзбен көріп ой елегінен өткізу. Осыдан барып елімізде қарттар үйі азаяды деп қорытынды жасай аламыз.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қарқынды дамып келеді. Оқудағы қиындықтары бар әр баланы жалпы білім беру процесіне қосу, бірлесіп оқытудың вариативтік модельдерін іске асыру, қоғамға кірігу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бейімдеу – инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары болып табылады. Республикада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі – ЕБҚ) жалпы білім беру процесіне қосудың өзекті мәселелерін айқындау XX ғасырдың 90-жылдарында басталды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты жалпы білім беру саясатында жаңа бағдарлар қалыптастырылуда, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің, білім берудің, қолдаудың және бейімдеудің оңтайлы жолдарын белсенді түрде іздестіру жүргізілуде. Осыған орай мектебімізде де осы балаларды қоғамға барынша бейімдеу бойынша ізденістер, ауқымды жұмыстар жоспарланды. Мектептегі инклюзивті балаларды қолдау, оларды өзге оқушылар сияқты мектепке келіп білім алу жолдарын қарастыру және өзгелерден кем санамау үшін арнайы жоспар әзірленді. Ол бойынша мектеп базазында арнайы ресурстық орталық құрылды. Оған дефектолог, логопед, психологтар, педагог-ассистенттермен қатар барлық педагогтар да үлесін қосты. Ресурстық орталық – бұл, ең алдымен, білім беру қызметінің әлеуметтік нәтижелері жүйесіне бағытталған білім беруді қалыптастыратын орталық. Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу. Біздің орталықтың тиімділігінің негізі оқушылардың тұлғалық тиімділігі болып табылады. Жеке тиімділік деп, біз адамның өз-өзімен және қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу сапасын түсінеміз, басқаша айтқанда, адамның басқалармен келісімге келіп, ынтымақтастық қарым-қатынас құруды, сонымен бірге өзін жайлы және сенімді сезіне отырып, мақсаттарға жетуді қаншалықты жақсы білетіндігі деп түсінеміз. Жеке тиімділікті дамыту үдерісі көбінесе баланың жеке ерекшеліктерімен, оның физикалық жай-күйімен, психикалық процестер кешенімен, оның санасы мен бейсаналық күйлері мен қасиеттерімен анықталады, яғни оның субъективтілігіне байланысты.
Мектепте құрылған ресурстық орталық — ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктері бойынша, оның ішінде оқу іс-әрекетіне қатысты, ерікті күш-жігерді жобалау, жоспарлау және жұмылдыру қабілеттеріне қатысты да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін оқушыларды қамтиды, сәйкесінше, білім алушылардың субъективтілік деңгейі де әр түрлі болады. Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық өзара әрекеттестік ерекшеліктерін айқындайтын оқушының субъективтілігінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- оқу әрекетіне өзіндік (жағымды) қатынасының қалыптасуы;
- оқу әрекетін жүзеге асырудың жеке (дербес) стилі;
- оқу мақсаттарына жету үшін интеллектуалды және ерік-жігерін жұмылдыра білуі;
- оқу қызметін жобалау, жоспарлау және болжамдау қабілеті;
- ішкі жағымды уәжінің негізінде өзінің танымдық белсенділігін арттыру қабілеті;
- педагогпен өнімді өзараәрекеттестікке дайындығы;
- құрдастарымен өнімді өзараәрекеттестікке дайындығы;
өзінің іс-әрекеті мен тәртібіне деген жауапкершілігін сезінуі
Жобаның 2-кезеңінде қарттар үйіне үздіксіз барып, қайырымдылық жасаған оқушылардың қандай ой түйіп, алған ісерлерін, ішкі сезімдерін білу үшін анкеталар алынды. Эссе, шығармалар жаздырылды. Психологпен бірге анализ жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, түрлі жастағы оқушылар ата-ананың қадірін түсініп, қандай жағдайда да олармен бірге болу керек екендігін түсінгендігін байқадық. Мұны толықтай бекіту үшін түрлі саладағы қоғам қайракерлері, педагогика саласындағы ғалымдармен кездесулер өткізілді. Құрылған ресурстық орталықта бүгінде 12 бала қамтылған. Олармен арнайы мамандар мен педагогтар ұдайы жұмыс жүргізіп келеді. Ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас жасалды. Мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары психологтар арқылы жүргізілп, ерекше білім беруді қажет ететін ресурстық орталықтағы балармен барлық оқушылар араласу, ыстық ілтипатпен қарау, көмек көрсету сияқты достық қарым-қатынастар орнады.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда үш жылға жуық уақыт арасында жүзеге асырылып келе жатқан жоба өз нәтижесін берді. Алға қойған мақсаттарға жете білді деп сеніммен айта аламыз. Қарттар үйіне ұздіксіз барған мектеп оқушыларына жасалған жоғары айтқан талдау нәтижесінде олар ата-ананың қадірін түсінді. Болашақта қарттар үйі болмау керек, қандай жағдай бллсада оларды тастамау керек деген біржақты қатаң позицияға келуі, келешекте қарттар үйінің барынша азаятындығының белгісі деп сенімді түрде айта аламыз. Жоба қала, республика көлемінде жемісін беру үшін мектебіміздегі үлгіні ауқымды жоба ретінде жетілдіріп, ұсына аламыз. Ал, инклюзивті білім беруге келетін болсақ; арнайы құрылған ресурстық орталық та өз нәтижелілігін көрсетті. Қазіргі таңда барлық оқушылар мен инклюзивті оқушылар арасында тең дәрежедегі достық қарым-қатынас орнаған. Осындай ресуртық орталық барлық жерде ашылса, инклюзивті білім беруді дәстүрлі оқыту жүйесіне барынша бейімдеу жолдарын жетілдіруге болады.