Home » Мақалалар » Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Қабылбек Арайлым Байділдәқызы
№40 жалпы білім беретін мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр.

   Осыған орай №40 жалпы білім беретін мектепте Наурыз мейрамына орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» мерекесі қарсаңында 18.03.2023ж. Ұлттық киім күні өткізілді. Мектебіміздің барлық оқушылары мен ұстаздары бірдей қазақы нақышта киініп келді. Ал іс-шараның талаптарына сай ұлттық киім үлгілері заманауи тұрғыдан ұлттық нақышта болды. Сонымен бірге, алдағы уақытта ұлттық нақыштағы киімдерді тек сахналық немесе мерекелік емес, күнделікті киетін киімге айналдырып, қалыптастыру да көзделген. Ұлттық киім күнінде мектеп өнерпаздары ән айтып, би билеп, жырмен көмкерді. Әр сынып өз ерекшеліктерімен көзге түсті.

Осылайша ұлттық киім күні арқылы халық рухының шұғыласы шашылып, қазақтың бай мұрасынан  шабыт алған күн болды. Дәстүр мен стильді ұштастыра білген жас оқушыларды қанаттандырған мұндай іс-шаралар халық мұрасының маңыздылығын арттыра түсері анық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.