Home » Мақалалар » Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Алдажарова М.С.
№ 100 жалпы білім беретін  мектеп
директорының оқу-ісі жөніндегі  орынбасары

Біздің өміріміздің мәні де, сәні де-бала. Бала- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол — әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес бақыты.
Сондықтан бала тәрбиесі — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз.

Мектепке алғаш келген жас маман алғаш жұмысқа келгенде жүрегі қобалжып, теориялық білімімді  практика жүзінде іске асыра аламын ба?- деген сұрақтармен келері сөзсіз. Ал мектеп кеше ғана оқуды аяқтаған жас маманды қалай қарсы алады? Жас маманда бірінші  сыныптың оқушысы сияқты ғой. Оларға  мектеп табалдырығын аттағаннан кейін  тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас маманның  оқытар  ұстазы да, қиналса көмек көрсетер досыда, қателессе жол көрсетіп, аналық мейіріммен ақыл айтар адамы, ширатып  алайын  деп  каталдау болатын да  – ол тәлімгері болады.

Тәлімгерлер оқу жылының басынан  бастап жас маманмен  бірге тығыз жұмыс жасап, әрбір оқу жылына жылдық жұмыс жоспары құрады. Жоспар бойынша үнемі іс-әрекетін бақылап, кеңес беріп, жас мамандарға психологиялық қолдау көрсетіп, педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу жайлы ұсыныстар берумен қатар мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауға қойылатын  талаптармен  таныстырады. Жас мамандармен  бірігіп ашық сабақтар,тәрбие сағаттарын, ата-аналар жиналысын т.б  өткізеді.

Тәлімгерлер  жас мамандарға  әдістемелік кеңес беріп, ашық сабақ, сынып  сағаттарын өткізуге көмек көрсетуден  еш жалыққан  емес.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»  дегендей мектебіміздегі алдыңғы буындағы ұстаздарымыз оқушылармен қатар жас мамандарға да өз білгендерін үйретіп, тек жас маманға ғана емес, ұжымдағы барлық мұғалімдерге методикалық көмек көрсетіп, ақыл сұрап келгендерге қабақ шытпай, бар білгенін айтып, сурет салып, өлең шығарып, сценариге дейін құрып, бағыт – бағдар беруден  аянбай еңбет етіп келе жатқан, аяулы аналар,мейірбан әжелер. Алдынғы  буындағы ұстаздарымыздан  әке – шешені құрметтеу, ата – енені сыйлау, адал жар болу, бала күту, отбасы сыйластығы туралы  кеңесінен де көп нәрсені және ең бірінші ұстаз болуды үйреніп жүрміз. Осындай  тәлімгерден үлгі алған мектебіміздің   ұстаздарының еңбегі де еш  кетпеді. Бұл кісілер  өздерінің 30-35 жылдық  еңбек өтілінде тәрбиелеген  жас мамандар  бұл күнде  мектеп  директорлары, ғылыммен  айналысатын  мамандар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, басқа да білім саласындағы алдынғы қатарлы қызметкерлер.

Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Олардың негізгі мақсаты біреу – өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру. Жаңа технологияны оқу үрдісінде пайдалануға үйрену, өз тәжірбиесінде қолдану оны көпшілік назарына ұсынудың бір жолы әдістемелік семинарлар,ашық сабақтар,конференциялар, апталықтар өткізу.

Нағыз мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын.

Жас келсе – іске дегендей жас мамандарымыз өз тәлімгерлерімен  еңбекте оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, тәлімгерге  бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Осындай білімді де білікті, аналарымыздай мейірімді тәлімгерлерден бағыт – бағдар алған жас мамандарымыздың бағындырар белестері әлі алда  және  «Ұлағатты ұстаз» сөзіне лайық болатына сенемін.


Мектеп директоры Аблашова А.Б. және жас мамандар мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.