Ниязымбет Гауһар
Тараз қаласы
Барша жол апатында қаза тапқандардың рухына арналады….
Алматының суық боранды аязды қысты күні еді. Әдеттегідей өз тіршілігімен сапырылысқан қала жұрты. Кенжехан базары. Жұрт гүж-гүж қайнап жатыр. Басына сұр шапка киіп, қолына екі жүк сөмкесін сүйреткен қырық жеті жас шамасындағы арықшаң әйел телефонмен сөйлесіп келеді.
-Иә, иә. Қазір көлікке отырамын. Етті қазанға сала бер.
Анадай жерде үстіне кожаный куртка киген жасы 18-19 шамалас, көзілдірік таққан қараторы ұзын бойлы студент жігіт үйіңе қайтар көлік іздеп жүр. Қолындағы бес мың теңгесі қай жүргізушінің көңілінен шықса соның мәшинасына отырмақ.
Жасы қырықты алқымдаған жүргізуші базар ішінде жолаушы күтіп тұр.
-Меркіге барасыз ба?
Күн ұзаққа жолдан өткендерден осылай (деп) сұраумен әлек.
Осы кезде оны байқаған студент жігіт оған жақындап келді.
-Аға жол ақысы қанша?
-Алты мың теңге.
-Ағай, ала кетесіз бе. Студент едім, бар ақшам осы.
Студент жігіттің қолындағы бес мың теңгелікке ойланған жүргізуші “мақұл” деп келісімін берді.
Сол сәтте сөмкесін сүйреткен әйелде жетіп келді.
-Меркіге дейін бе.
-Иә
-Қанша?
-Алты мың теңге.
Жүргізуші багажды ашып әйелдің сөмкесін салуға кірісті. Әйел артқы орындыққа жайғасты.
-Тағы үшінші адамды күту керек-ау, деді жүргізуші іштей.
Жарты сағат өткеннен кейін көлік ішінде отырған сұр палтолы әйел тіл қатты.
-Жүре берсек қалай болады? Күн суық қой.
Алматының суығына тоңып тұрған жүргізуші көліктің алдына отырып газды басты. Жүргізуші алдыға жайғасқаннан кейін көлік баппен қозғала бастады. Базар ішімен жүрген көлік еппен Алматының шетіне шықты. шыға бастады. Бір уақытта жолай қол көтерген жасы алпыстар шамасындағы қара бөрік киген кісі көрінді. Жүргізуші көлікті тоқтатып
Меркіге дейін бе?
Иә.
Қария жәйлап көлікке мінді. Көлік жаймен қозғала бастады.
Осы кезде Студент жігіт анасына қоңырау соқты.
-Анашым, көлікте отырмын. Қала сыртына енді шықтық.
Шопыр келісті ме?
Иә, шопыр келісті.
-Әкесі, балаң жолдамын дейді.
Телефон тұтқасының ар жағындағы Күләнда үстел үстінде газет оқып отырған қуанып жұбайына айтты.
-Мың теңгені үйге келген соң өзім берермін. Аман-есен жет, құлыным.
-Жеткенде хабарласамын, анашым. Көлік жүрді.
Телефон тұтқасын қойған соң Күләнда дереу ет асуға кірісті.
***
Шопыр ішінен ойланып келеді.
“Кеше көлігім шамалы бұзылып тұр еді. Бірақ бүгін барып-қайтуға жарап қалар. Қазір мына үш адамды он жеті мың теңгеге апара жатырмын. Қайтарда кісі ала қайтсам тағы жиырма мың табармын. Содан соң көлікке май құйғызамын. Несиеде жақындап тұр. Азық-түлікте алу керек. ”
Бір уақытта көлік терезесінен қар ұшқындары ұшқындап көріне бастады.
Бөрік киген кісі терезеге қарап ойланып келеді:
“Ұлымның үйлену тойының қарызын жаптым. Енді мәселе шешілді. Қазір үйге барып ыстық шәй ішпесем. Әлі немерелі боламын. Көрер қызығым алда ”
Бір кезде сырттағы боран үдей түсіп, көлік жүруін бәсеңдетті.
Сыртта болып жатқан боранды терезеден тамашалап келе жатқан әйел адам ой үстінде отыр:
“Қазір қыздарыма киім алдым. Үйге барсам қуанатын болды. Алған халаттарымды көршілерге үстіне екі мың теңгеге қосып сата саламын.”
Көлік ішіндегілер көздері ілініп тегіс ұйқыға кете бастады.
Студент жігіт оң жақтағы терезеге қарап ойланып келеді:
“Қазір үйге барамын. Анам ыстық тамақ жасап береді. Бір апта бойы ноутбук қарап демаламын. Сабақ қайталаймын.”
Қазанға етті салған Күләнда басына мүкжидек (клюква) түстес орамалы мен алжапқышын тартып, қамыр илеуге кірісті. Қараса, дала борандана бастаған екен. Қар ұшқындары терезеден допша ұшқындап терезеге тиіп жатыр.
Машина ішінде отырғандар түгел дерлік ұйқыға кеткен. Тек жүргізуші қана көлік жүргізген күйі ояу келеді. Алдыдан соққан боран ұшқындары машина терезесіне әрлі-берлі тиіп, жолды көруге кедергі келтіріп келеді.
Сары табаққа жұмыртқа қосып қамыр илеген Күләнда табағының бетін жауып, ас үйдегі креслоға теледидар алдына отырды. Жұбайы Серік (Есқали) А термостан шыны аяққа шәй демдеп ас үйдегі орындықта газеттің жаңа келген санын оқып отырды.
-Ұлымыз жаратқан қолдап аман-есен оқуын бітіріп, келін әкелер. Қолымыз ұзарар күн алыс емес.
Күләнда өмір бойы жалғыз ұлын өмірінің тірегі санап, жанына жұбаныш көріп келген. Есейгенде келін әкеліп қолымды ыстық суға малады деп ұлы үшін байының тепкісі мен тіршіліктің небір ащы-суығына шыдаған.
Арада бір сағат өткен. Боран күшейе түсті. Көлік жылдамдығын тіпті бәсеңдеген. “межелі жерге жетуге жарты бір сағат аз қалды”. Жүргізушінің көз алдына кіші қызы Айлина келді. Дүкенде әкесіне кофта әпер дегені, әкесінің ешкімнен кем қылмай әперемін дегені есіңе түсті. Артқы орындықта отырған қария көзі ілініп кетіпті. Көз алды аппақ тұман. Қараса, ақ киімді осыдан отыз (елу) жыл бұрын о дүниелік болған әкесі екен. Марқұм ұлының немере сүйгеніне қуанышты сияқты. Әкесімен тілдесейін деп еді, басына тиген ауыр соққыдан оянды. Алдыда отырған әйелдің а деп ышқына айқайлаған дауысы шықты. Аргалы уақыт өткенде машина рөлі боран салдарынан тайғақ кесірінен жүргізушіге бағынбай бір жағына аударыла құлаған екен. Іште отырғандар әрі-бері аунап мыжыла бастады. Шамамен көлік бес-алты мәрте аударылғанда барып тоқтады. Бірнәрсенің қатты құлаған дауысы шықты. соқтығысты.
***
Тоз-тозы шығып аударылған көліктің қасына форма киген екі маи қызметкері келді. Көліктен шамалы түтін шығып тұр екен. Бастарын шайқады. Біреуі келіп машина қасында жатқан қарияның адамның денесін қарады.
-Сүйегі түгелдей үгітіліп кеткен екен.
Осылай деген екеуі үнсіз қалды.
-Өмір деген қандай, ә. Жаңа ғана біреуді суицидтан құтқарып едік…
Бұлардың ажалы жазмыш па? Әлде қасақанама? Әлде ит тіршіліктің салдарыма? Ит тіршілік болмағанда бәлкім бұлар қазір тірі боларма еді?… Өздерінің ажалға бара жатқанын сездіме екен?! Олардың орнында өздеріде болуы мүмкін еді.
Май қызметкері қараса анадай жерде жатқан бір телефон көрді. Қолына алып қосып көрсе жұмыс істеп тұр екен. Соңғы соғылған нөмір “Анашым” деп сақталыпты. Телефонды алып соңғы соғылған нөмірге қоңырау соқты. Тұтқаны еш ойы жоқ еттің қамырымен әуре болып жүрген Күләнда көтерді.
-Жақындап қалдың ба? Тамақ пісіп қалды. Мен қамыр салып қойдым.
-Май қызметкері азамат А. О.
Күләнданың қуанышты күлкісі сап тиылды. Әлдебір сұмдықты сезгендей бетінің реңі өзгеріп кетті.
-Жол апаты орын алды. Бекем болыңыз.
Күләнданың қолындағы телефон кілемге сырғып түскенде сарт еткен дауыс шықты. Жұбайы басқа бөлмеден оқып отырған газеттен басын көтеріп қасына келді.
-Әй, не болды?
Сөйлеуге мұршасы келмеген Күләнданың тек өксікке толы дауысы жер үйді жаңғыра шықты.
