Home » Жаңалықтар » Мақал-сөздің азығы

Мақал-сөздің азығы

Алматы қаласы Әуезов аудандық КМҚК №136 бөбекжай-балабақшасында, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес:
“Мақал — сөздің азығы, жұмбақ — ойдың қазығы” атты мәдени
іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті.
Бұл іс-шараның өзгешелігі ата-аналардың балаларымен бірге қатысуында болды. Қатысушылар алты топқа бөлініп, төрт кезең бойынша сайысқа түсті.
“Жүйрік болсаң, озып көр” кезеңінде ата-аналар мен балалар интерактивті тақтадағы суреттерге қарап, мақал-мәтелдер айтып жарысса,“Аспаптар әлемі” кезеңінде аналар ұяшықтарға жасырылған салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. “Байғазы, қымызмұрындық, бастаңғы” дәстүрлері туралы сөз қозғалды. “Мені қайтала” бөлімінде тәрбиеші әр үстелге сиқырлы текшені беру арқылы түскен жаңылтпашты ата-аналар мен балалар жаңылмай қайталаса, “Өнерлінің қолы ортақ” сайысында ата-аналар мен балалар «Торцевание» әдісі арқылы ұлттық ою-өрнектерді жасап шығарды. Шара соңында барлық қатысушы ата-аналар мен балалар балабақша меңгерушісінің мақтау қағазымен марапатталды.
-Балабақша бүлдіршіндерге тек келіп кететін мекені болмауы керек. Сол себепті біздің балабақшамыз бүлдіршіндер мен ата-аналарға жағдайларын (жаңа әдістемелік формалар, бала мен ата-ана қатыстырылатын түрлі шаралар, жыл маусымдарына сәйкес қызықты конкурстар, т.б.) жасап отыр. Бұл енді балабақша жұмысы мен ұжымның ауызбіршілігінің жемісі.
Осы ретте бүгінгі мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар: әдіскеріміз — Асан Гульмира Асанқызына,
музыка жетекшісі — Бейбитханова Айдана Бекенқызына, тәрбиеші — Мырзакасымова Гулзира Маратовнаға және барша балабақша ұжымы мен бізді қолдап келген ата-аналарымызға алғыс айтамын. Балабақша — барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Бала-болашағымыз, бала- қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін мақтанышпен айта аламын,-деді шарада  балабақша меңгерушісі Кунаева Кызжибек Биляловна.
Балабақша тәрбиеленушісі Пердебай Бағдаулеттің анасы: “№136 бөбекжай-балабақша»ұжымына рахметімізді айтамыз. Бүгінгі іс-шара бәрімізге ұнады. Салт-дәстүрімізді баланың бойына сіңіріп өсірген өте жақсы деп ойлаймын.
Әр іс-шара көңілімнен шығады. Өте жақсы ұйымдастырылады, балалар белсенді қатысады. Балалар бірлік пен ұйымшылдыққа үйреніп келеді. Біз әрдайым қатысуға, қолдауға дайынбыз” — деп барша ата-ананың атынан ыстық лебізін жеткізді.

«Білім айнасы»,
Ақерке Амангелдіқызы,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.