Home » Жаңалықтар » Ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен өткен қысқы спорттық ойындар

Ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен өткен қысқы спорттық ойындар

Алматы қаласы Алмалы ауданы білім басқармасына қарасты ҚМҚК №133 бөбекжай балабақшасында қыстық ойын түрлерінен «Қыс қызығы» атты эстафеталық жарыс өтті.
Сайыста бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге жарыс ойындарына қатысты. Олар «Жұлдыз, «Балдырған» болып екі топқа бөлінді.
-Мақсатымыз — балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтіп, бала денесін ойын арқылы таза ауада шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қыс мезгілінің соңғы айы екендігін де бала санасына ұғындыру -дейді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Ғалия Кулджина.
Сайыста ата-аналармен балалар шеңбер құрып бір-біріне «жарыс көңілді болсын,
жеңімпаздар көп болсын» деген тілекпен бастады. Одан әрі дене-шынықтыру пәнінің ұстазы Мақсат Сейтхановпен жаттығу жасап, ойын шарттары түсіндірілді.
«Кім епті?», «Аққала құрастыру», «Жалауды жеткізу» «Қай топтың шанасы алда?», «Хокейшілер» деп аталған ойында бүлдіршіндер мен ата-аналар бар күштерін салып ойнады. Ата-аналар да балалар да “мен жеңіске жетемін” деп ұрандата жүгірді.
Бір сағатқа созылған сайыста жеңімпаздары анықталып, сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Сонымен қатар жеңімпаздар төсбелгілермен марапатталды.

«Білім айнасы»,

Жұлдыз Смаилова,

Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.