Home » Жаңалықтар » Батаменен ел көгерер

Батаменен ел көгерер

Алматы қаласы  Білім басқармасына қарасты  КМҚК «№41 бөбекжай – балабақшасы»  28.03.2024 жыл Әке мен бала сайысы « Батаменен ел көгерер» тақырыбында, әкелер мен тәрбиеленушілер  арасында сайыс өтті  .

    Бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық  жеткізе білуге үйрету   өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту.  Сайысты №41 бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Косшигулова Майгуль Умурзаковна ашты , қатысушыларға  сәттілік тіледі . Тәрбиеші Керимбекова Ұлдар сайыс ережесімен таныстырды .

Сайыстың барысы
I «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу кезеңі
II «Ақ бата –асыл мұра» бата беру кезеңі
I «Кім көздей біледі?» асық ату ойыны
IV «Қазақтың ырым- тыйымдары» (сұрақ – жауап)
V  «Қол күрес»

Ойыншылар барын салып, жеңіске ұмтылып, жақсы көрсеткіштер көрсетуге тырысты. Әке мен бала арасындағы жауапкершілікті сезінетін сайыс болды . Шапшаңдықтары мен ұйымшылдықтарының арқасында   «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі мен әкесі суырылып  алға жығып Әбдірахман Ербол,Дүйсенбай Інжу сайыскерлер  жеңілпазы болды

Екінші орын өздерінің епті әрі қырағы, ақылды әрі тапқыр екенін көрсете білген ортаңы «Ақ бота» тобына бұйырды. Дауытов Әсет,Маулет Айару иеленді

Үшінші орын Жұмабаев Жандос,Мағжан Жұмабаев қанжығасына байласа . «Өнерлі отбасы » номинациясын Ахан Саяхат Қалматайұлы,Садбай Айсафи алды .

Іс – шараның  мақсаты: ата-бабамыздан мирас болып қалған біздің асыл қазынамыз баталы сөздерімізді балаларға дәріптеу, балалар бойына рухани байлық орнату. Ұлттық дәстүр-салтымыздың қайта жаңғыруына игі ықпал ету. Ойындарды ойнату арқылы балаларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету.Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой — пікірлермен бөлісу. Ата – ананың балабақшамен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, әкенің бала алдындағы жауыпкершілігін арттыру.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№41 бөбекжай-балабақшасы меңгеруші:
Косшигулова Майгуль Умурзаковна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.