Home » Жаңалықтар » Наурыз  келді-жыл басы

Наурыз  келді-жыл басы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,  №149 бөбекжай-балабақшасында  ұлттық құндылықтардан сыр шертетін  «Наурыз  келді-жыл басы»  мерекелік кеш өтті.

Дәстүрлі мерекелік кешке тәрбиешілер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Шарада кішкентай бүлдіршіндері ою-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, келген қонақтарды сүйсіндірді.  Мерекелік кеште «Қамажай», «Қаражорға»  биін билеп, ән салып, жұмбақ айтысқа түсіп өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды.

Ересек «Күншуақ», ортаңғы «Ботақан» топтарында «Орамалды қағып ал, сөз жалғасын тауып айт», «Арқан тартыс»,  «Күш сынаспақ», «Асық ату» ұлттық ойындары ойнатылды. Наурыз мерекесіне арнайы мектепалды «Шағала» тобы оркестрі «Асатаяқ» күйін орындады.

Сондай-ақ, «Балдырған» тобының бүлдіршіндерімен тұсаукесер рәсімі өткізіп, мерекенің шырайын келтірді.

Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылды.

Кеш соңында балабақша меңгерушісі Сабырова Тлеулес Орынбаевна келген қонақтарды мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, келген қонақтар арнайы әзірленген наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерімен алғыстарын айтты.

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Гүлдана Исаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.