Home » Мақалалар » Ұлттық ойын – ұлттық қазына, «Әкем және мен»

Ұлттық ойын – ұлттық қазына, «Әкем және мен»

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Әуезов ауданында орналасқан №64 бөбекжай — балабақшасында отбасылық спорттық сайыс өтті.

Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Ойындардың ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Сондықтан тәрбиешілер ұлттық ойындарға ықыласпен көңіл бөледі. Наурыз мерекесінің қарсаңында “Теңге ілу”, »Бұқа тартыс», ⁠»Аударыспақ”, »Батпан көтеру», »Асық ату», »Бестемше», »Тауық күрес», »Тұмақ ұру”, »Арқан тартыс» ойындарынан отбасылық жарыс ұйымдастырды.

Дене тәрбиесінің нұсқаушылары  Ахмадиева Бибігүл Құттыбайқызы мен  Абанкулов Бақкелді Шаяхметұлы жарысты бақылап, қауіпсіздік шаралары мен ойын ережелерінің сақталуын қадағалады.

Ойыншылар барын салып, жеңіске ұмтылып, жақсы көрсеткіштер көрсетуге тырысты. Шапшаңдықтары мен ұйымшылдықтарының арқасында Бекенова Бахыткуль Болтаевна жетекшілік ететін мектепалды «Тұлпар» тобының тәрбиеленушілері мен әкелері
бірінші орынды иеленді. Команда мүшелері:
1.Ерболұлы Алдияр
Әкесі — Чалимбаев Ербол Шарканович
2.Нұрлан Нұрқаділ
Әкесі — Нұрлан Бауыржан
3.Алматұлы Әмір
Әкесі — Юсупов Алмат
4.Мұрат Алдияр
Әкесі — Абиров Дәурен
5. Шохан Марлен
Әкесі — Куйекешов Олжас

Екінші орын өздерінің епті әрі қырағы, ақылды әрі тапқыр екенін көрсете білген мектепалды »Қыран» тобына бұйырды. Қурманова Мерей Сағындыковнаның тәрбиеленушілері мен олардың әкелері:
1.Жетпісбай Омар
Ағасы — Ережепов Данияр
2.Таменов Шах-Керім Ишамбекұлы
Әкесі — Таменов Ишанбек Жолдасбекұлы
3.Жанбұлат Дастан Елдосұлы
Ағасы — Әскергелді Әділет Кайратұлы
4.Досжан Айсұлтан Елдосұлы
Әкесі — Нупбаев Елдос
5.Замарханов Жантөре Ерікұлы
Әкесі — Замарханов Ерік Серікұлы

Әкелерді балабақша іс-шараларына жұмылдыра білген, ата-ана мен баланың ымыра бірлігін қамтамасыз етуді көздеген балабақша ұжымының және меңгеруші Салимханова Гульмира Кабылбековна мен әдіскері Шағатай Мөлдір Талғатқызының еңбегі зор. Оны оқырмандар мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері растары анық.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — ойындарды ойнату арқылы балаларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында 1 жастан мектепалды топқа дейінгі бүлдіршіндердің дене тәрбиесі жұмысын ұйымдастыру туралы жазылған. Онда «физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын арқылы және дене шынықтыру іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады» делінген. Негізгі қимылдар: жүру; сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру, заттардан бір қырымен аттап жүру; белгі бойынша басқа бағытқа бұрылып жүру, қолдың бастапқы қалыптарын өзгерте отырып, әртүрлі қарқында секіргіштен аттап жүру; ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру; заттардың, кегльдердің арасымен, жіптерден аттап жүру; қосалқы қадаммен алға қарай жүру» болып есептеледі. Бүгінгі іс-шарада күнделікті атқарылып жүрген жұмыстың нәтижесі көрінді. Ұйымдастырушылар Ұлттық ойын — ұлттың қазынасы. «Әкем және мен» іс-шарасы арқылы балабақша-ата-ана-бала байланысының тәрбие тетігі екенін тағы бір айқындап берді. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігінің бірлестігі сапалы тұлға, саналы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі бола алады.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.