Home » Жаңалықтар » Балабақшада әдістемелік қызметті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

Балабақшада әдістемелік қызметті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

Алматы қаласы №130 бөбекжай-балабақшасында 26.03.2024жыл аудандық семинар өтті.
Тақырыбы: «Балабақшада әдістемелік қызметті ұйымдастрыдың әдіс-тәсілдері» атты семинар өткізілді. Іс-шараға Алатау ауданындағы әдіскерлермен қызығушылық танытқан ата-аналар қатысты. Семинарды балабақша меңгерушісі Жанат Айтбайқызы ашып сөз сөйледі.Балабақша әдіскері Ақмарал Сапаралықызы жаңа иновациялық технологияларды пайдалану арқылы жас бүлдіршіндеріміздің ұлттық құндылықтарға қатысты бірнеше әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар бүгінде бала тілінің кеш шығуы, күрмелуі қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр. Балабақшаның логопед маманы бұл мәселені айналып өтпеді. Қонақтармен «Көңіл-күй» тренинг өткізіп ,осы мәселеге қатысты ой-пікірін алмасты.
Балабақша меңгеруші Жанат Айтбайқызы «Ұлттық ойын адамдық асыл қасиеттерді бала санасына сіңірумен бірге, денсаулығын жақсартып, ойлау қабілетін арттырып, шапшаңдыққа,тез шешім қабылдауға үйретеді»-деп өз ойын білдірді.
Балабақшада балалар «Ақ сүйек», «Қыз қуу», «Бес тас», «Сыйқырлы сандық»сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнап келушілердің көңіл-күйлерін көтеріп, ұпай жинауға ұмтылған балалар жарысты жандандыра түсті.Ұпай көп жинаған топ , жеңілген топ балаларына сұрақ қойып сұраққа дұрыс жауап алуды күту сәті өте әсерлі болды. Ұлттық ойынды жаңаша әдіспен білімге ұластырған әдіскерлердің бұл амалы ұтымды жоба болды десе артық айтқандық емес.
Бұл балабақшаның ерекшелігі «Дәстүрден тыс тасқа сурет салу техникасы» арқылы көзге түсті.Семинарға қатсыушылар тасқа сурет салу бөлмесін аралап, жасалу техникаларының қыр-сырын қанықты.
Балабақша мамандары баланың артта қалып қоймай ойлау қабілеттері ұшталу үшін заманауи технологияларды ұтымды пайдалануда. Айта кететін болсақ тасқа салынға ертегілерге QR код енгізілген, балалар ертегі тыңдай алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар балабақшада баланы дамытуға арналған арнайы бөлмелер бар: «Тұзды шахта», «Логопед», «Робототехника», «Монтессори», «Мобильді кітапхана»,Жас суретші».
Бұл балабақша бала тәрбиесіне аянбай еңбек етуде. Балабақшаға келетін әр балаға өз балаларындай қарап, тәрбиелеуде.Бала-ертеңгі болашақ. Болашақ ұрпақтың білімді әрі жан-жақты, жаңа технологияны меңгеруде қалыс қалмауын қалайды. Өз білгенін бала бойына сіңіруге тырысуда. Семинарға қатысушылар «Мектеп алды» тобы дайындаған концертті тамашалап, кіп-кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болып қол соқты.
Сондай-ақ іс-шара соңында «Ашық микрофон» айдарымен ата-аналармен келген қонақтарға сөз берілді. Олар осы семинарды ұйымдастырған № 130 бөбекжай-балабақша ұжымына ризашылқтарын білдірді.

«Bilim Ainasy”
Жұлдыз Елеукен
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.