Home » Балабақша » Балабақшадағы тәжірибе алаңы

Балабақшадағы тәжірибе алаңы

Таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданы №11 бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудағы инновациялық әдіс – тәсілдер» атты тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Оған Алмалы ауданының балабақша әдіскерлерімен №7 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Камбарбекова Гүлдана Дүйсенбековна және  № 16 бөбекжай-балабақшасының  меңгерушісі Сакенова Айгүл Тулебаевна қатысты.
Шараның мақсаты — мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Шарада балабақша меңгерушісі Тохтамбетова Әйгерім Ғалымқызы: «Бала — біздің болашағымыз. Балабақша әр баланың балалық шағындағы жауапты кезең. Сол себепті баланы тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуі қажет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деп бекер айтқан жоқ.  Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқытуда педагогикалық инновация әдістерін қолдану өте маңызды.  Себебі ол балалардың зейінін шығармашылыққа, қарым-қатынасқа, сыни ойлау мен ынтымақтастыққа бағыттайды»,- деді.
Бүгінде №11 бөбекжай-балабақшасында денсаулық сақтау технологиясы, арт терапия, ертегі терапия, ойын технологиясы, М.Монтессори әдістемесінің элементтері, триз технологиясы, сыни  ойлау, жұп пен жұмыс, команда да жұмыс істеу технологиясы қолдануда.
Осыған байланысты ұйымдастырылып отырған тәжірбиелік алаң да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына инновация жүйесін енгізу талқыланды.
Шарада бүлдіршіндер 4К моделін қолдана отырып, тәжірбие жүзінде инновациялық  әдіс-тәсілдері бар ойындар жүргізді.
 Сондай-ақ, балаларды дамытудағы инновациялық әдіс – тәсілдері тақырыбы бойынша  кері байланыс бере отырып, осындай тәжірбиелік алаңды  жалғастыруға ниет білдірді.
«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.