Home » Жаңалықтар » ҚОРҒАЛЖЫҢНЫҢ БІЛІМ ҚОРЫ ҚУАНТАДЫ

ҚОРҒАЛЖЫҢНЫҢ БІЛІМ ҚОРЫ ҚУАНТАДЫ

Қорғалжын мектеп – гимназиясының тарихынан

Ауданда 1923 жылға дейін орта білім беретін мектеп болмаған. Тұңғыш мектеп Бірлік ауылында сол ауылдың тұрғыны Ахметов деген азаматтың жеке меншік үйінде араб әрпімен сабақ өткізілді. 1927 жылы Қорғалжында көптен күткен 1 қабатты мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектеп әсемдігімен, сапалы құрылысымен көзге түсті. Аудан орталығындағы бұл мектепте Ақатаев Мүсілім директорлық қызмет атқарды. Сегізжылдық бұл мектепте барлығы 12 сынып болған және 10 мұғалім еңбек етті.

Қазіргі мектеп – гимназиясының ғимараты 1964 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі заман талабына сай класс кабинеттері компьютермен, лингафондық бөлме, кең де жарық жабдықталған класс бөлмелері, шеберханалар, спорт залы бар мектебіміз аудан орталығындағы биік, сәулетті ғимараттардың бірі.

Біздің мектебіміздің түлектері – еліміздің түкпір-түкпірінде өз халқына адал еңбек етіп жүрген азаматтар. Олардың арасында білікті де беделді басшылар, ғалымдар, ақын – жазушылар, өнер қайраткерлері көптеп табылады. Әділхан Шабатов, Ермек Өтетілеуов, Өтеген Әбілқасымов, Сұңқарбеков Балташ, Сүлейменов Балтабай, Қалқаманов Балтабай, Боранбаев Сайлау, Қожахметов Сұлтанбек, Рүстембеков Серік, Нұркенов Жаңбыршы т.б. көптеген түлектеріміз қара шаңырақ білім ордасы біздің мектебіміз ғана емес, Қорғалжын өңірінің мақтанышы десек, артық айтқан емес.

 

Әкімшілік құрамы:

Тәжин Нұрлан Есіркепұлы – мектеп директоры

Жусупова Баян Амангельдиновна – директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары

Балмағанбетова Марал Ашеевна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сураева Ирина Петровна – директордың АКТ жөніндегі орынбасары

Ашимова Гульмира Каримжановна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алибаев Айденғали Камалиевич – директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары

Баешева Акбута Уагаповна – мектеп психологі

Сарбалина Рауза Тулегеновна – педагог-логопед

Саркытбаева Гульхан Жолымбетовна – әлеуметтік  педагог

Атаджанова Мукаддас Муратовна – тәлімгер

Бекенова Айшолпан Накиповна – медбике

 

Қорғалжын мектеп – гимназиясының ардагер ұстаздары

Манжанова Қаншайым Куанышевна – еңбек ардагері

Бердина Мүгілсім Мұхамедқызы – еңбек ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі»

Күмісбекова Сара Шамшиевна – еңбек ардагері, оқу ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталған

Қашаева Қарлығаш Сакеновна – еңбек ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі»
Айтжанова Роза Қабдрашевна – еңбек ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі»

Макаев Ережеп Аркеновичк — еңбек ардагері, «ҚР білім беру ісінің үздігі»

Хаметова Айтбала Жанабекқызы – еңбек ардагері, оқу – ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталған

Маканов Қайролла Толепбергенович – еңбек ардагері

Шалабаева Любовь Табылдиновна – еңбек ардагерң, ЦК ВЛКСМ грамотасымен марапатталған

Игликова Рысжан Нұржанқызы – еңбек ардагері

Андреева Евдокия Гавриловна – еңбек ардагері

Бимолдина Сауле Нуржановна – еңбек ардагері

Макажанова Бақыт Макажановна – еңбек ардагері, СССР білім беру ісінің үздігі

Саугабаева Тілеужан Мұқашевна – еңбек ардагері

Рахымжанова Мейіз Рахымжановна – еңбек ардагері

Давыденко Галина Леонидовна – еңбек ардагері

Құсайынова Бархыт Хамзетовна — еңбек ардагері

 

Қорғалжын мектеп-гимназиясы жайлы мәлімет

2019-2020 оқу жылында мектепте 67 мұғалім еңбек етуді. Оның ішінде 14 ер адам, 53 әйел. Біліміне қарай сапалық құрамы: жоғары – 53, арнаулы орта – 14 мұғалім. Санатына қарай: жоғары – 9, І санатты – 23, ІІ санатты – 15, санатсыз – 20 мұғалім.  Жаңа квалификация бойынша: педагог-модератор – 2 мұғалім, педагог-сарапшы – 3 мұғалім, педагог-зерттеуші – 4 мұғалім, педагог-шебер – 1 мұғалім. Осы жылы квалификациялық тесттен өтуге 14 мұғалім өтініш білдіріп отыр.

37 класс-комплектте  барлығы 551 оқушы. Мектепалды даярлықта 4 класс қамтылып,  67 оқушы оқиды.

2014-2015 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» аяқтағандар : Баешев Ерсұлтан, Аканова Асел; «Үздік аттестатқа» Сайлаубек Мөлдір.

2015-2016 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» аяқтаған: Салыкова Рабиға; «Үздік аттестатқа» Базарова Айсауле.

2016-2017 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» аяқтаған оқушылар: Соколова Александра, Сағынбек Гүлмира; «Үздік аттестатқа» Жүзбаева Зарина.

2017-2018 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» аяқтаған оқушылар: Жумабаева Айдана, Салыкова Дариға, Темірғалиұлы Олжас, Даулет Ажар, Оралбаева Аягуль, Аяпбекова Гүлнар; «Үздік аттестатқа» Төлегенова Данагуль.

2018-2019 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» аяқтаған оқушылар: Алимбаева Хадиша, Альсенов Алишер, Нұрлыбек Аида, Оралбеков Айбек.

Кайдаров Ермухамед Сарсебекович, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 2016 жылы волейболдан «Азия» Халықаралық Иссыққуль ойындарында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2017 жылы Ермекова Камшат, 7 класс оқушысы  республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайсында ІІІ орын. Жетекшісі: И.Куанышева.

2017 жылы Марленқызы Мадина 6 класс оқушысы – І Халықаралық «Шашу» өнер байқауында ІІ орын, Малгаздаров Жаснұр 6 класс оқушысы – І Халықаралық «Шашу» өнер байқауына қатысушы. Жетекші : А.Садвокасов

2019 жылы Каптысалямов Саят 8 класс оқушысы жасөспірімдер арасында бокстан республикалық жарысқа қатысты.

2018-2019 оқу жылында да жетістіктеріміз аз емес.  «Отаныма деген менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Менің бастауым – менің ауылым»  номинациясында жүлделі 3-орынды иеленген 8 класс оқушысы Гуськова Елена республикалық байқауға жолдама алды, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ашимова Гульмира Каримжановна.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ХХ республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде 8 класс оқушысы Смагулова Дильназ І-орын иеленіп, облыстық кезеңіне қатысып келді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Султанова Гульден Мақышовна.  Республикалық  «Ұлы даланың жеті қыры: Тарих және Тағылым» Гумилев олимпиадасында «Ежелгі көшпелілір өркениеті» секциясы бойынша 11 класс оқушысы Нұрлыбек Аида ІІІ орын, «Ұлы даланың тарихи тұлғалары» секциясында 9 класс оқушысы  Қабылов Мейірхан ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Гульмира Кабдоллаевна.  Облыстық зерттеу жұмыстарының байқауында «Археология» номинациясында 7 класс оқушысы Кундакбаева Адина ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Гульмира Кабдоллаевна.

I Qanat олимпиадасы 9 класс оқушылары арасында 4 негізгі пәннен өткізілді: математика, физика, ағылшын тілі, эссе сайысы «Эрудит».

Қорғалжын ауданы бойынша 31 оқушы 1-турға қатысып, 2-турға өткен балалар тізімі:

  1. Айткен Дариға – математика, ағылшын тілі
  2. Калиева Сабина – математика, ағылшын тілі
  3. Салыкова Жаннур- математика, ағылшын тілі
  4. Жұмабаева Айсулу- эссе
  5. Смагулова Акниет- эссе
  6. Танирбергенов Әлібек- эссе
  7. Утеулин Сабыржан- ағылшын тілі
  8. Каппасов Айсултан- ағылшын тілі

2 турдан да сүрінбей, 3-турға өткен мектебіміздің 2 оқушысы болды:

  1. Каппасов Айсултан – ағылшын тілі
  2. Танирбергенов Алибек – эссе

3-тур Нур-Султан қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде 1-5.07.2019ж. өтті. Оған жоғары аталған екі оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған білім ресурсы Qaztest.kz сайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен бастауыш класс мұғалімі Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна және ағылшын тілі мұғалімі Сулейменова Айдана Бейсенбаевна марапатталды. «Эссе» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген ұстаздарға арналған эссе жазудан республикалық конкурстың облыстық кезеңінде Рыспаева Аягоз Бақтыгельдиевна ІІ орынды иеленген.  Республикалық «Үздік портфолио» сайысында Рыспаева Аягоз Бақтыгельдиевна І дәрежелі диплом иеленді.  «Бөбек Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Ұлағатты ұстаз-2019» республикалық үздік ұстаздардың ІІ кітап жинағына енгені үшін Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна алғыс хатпен марапатталды. Ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында Сулейменова Айдана Бейсенбаевна ІІ орын иеленді.

Есім Шамшінұр Жаңбыршықызы бастауыш класс мұғалімі аудандық байқауда «Үздік педагог-2018»  атанып, облыстық кезеңінде белсенді қатысқаны үшін грамотамен  марапатталды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Екі жұлдыз» облыстық байқауында ағылшын тілі мұғалімі Байтемирова Арайлым Мейрамовна «Үйлесімді жұп» номинациясына ие болды.

Материалды дайындаған Жусупова Баян Амангельдиновна,
директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.