Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі. Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз, өйткені ол – бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі шарты.
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жж арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және тұрғындар, оның ішінде балаларды инфекциялық, инфекциялық емес мәселелер бойынша, астан улану ошақтарына жол бермеу, жаппай инфекциялық аурулар мәселері бойынша ақпараттандырылуын арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ә.Баймолдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Денсаулық апталығы» науқаны бойынша 2-ші қыркүйек күні «Денсаулықтың 5 минуты» атты жиын өткізілді. Сонымен қатар «Біз спортты сүйеміз» тақырыбында таңғы жаттығу ұйымдастырылды. 3-ші қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында «Сау болу — бұл керемет» тақырыбында диктант өткізілді. «Не жейміз, содан тұрамыз» тақырыбында оқушылардан, ата-аналардан және ұстаздардан сауалнама алынды. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар бойынша мектеп медбикесі көрнекі материалдар әзірлеп таратты. 4-ші қыркүйек күні «Шылым және кальян шегу ағзаға зиян» тақырыбында балалармен кездесу ұйымдастырылды. 5-ші қыркүйек күні «Дені саудың – тәні сау» тақырыбында 1-11 сыныптарында сынып сағаттар өткізілді. Аталмыш іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Акция барысында жиһазды гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелер талаптарына сайкестігіне өлшеу жүргізілді.
Елемесова Толкын Тулеутаевна,
Павлодар облысы
Аққулы ауданы
Ә.Баймолдин атындағы ЖОББМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі