Home » Баяндамалар » ФИЗИОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ МЕН ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

ФИЗИОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ МЕН ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Физиотерапия (гректің physіs – φύσις — табиғат және θεραπεία — емдеу) – Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Ең көп әдістер электрмен емдеуге кіреді (электр өңірін, тұрақты, айнымалы, үздіксіз және үзік электр токтарын, айнымалы электмагнитті өңірін қолдануымен бірге әдістер):

  1. — амплипульстерапия
  2. — диадинамотерапия
  3. — гальванизация
  4. — дәрілік электрофорез
  5. — электростимуляция
  6. — флюктуоризация
  7. — интерференцтерапия.

Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын әдістер кіреді. Су және бальнеологияемдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит, балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия, вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді. Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әректтеріне негізделген. Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды. Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады.

Сондай-ақ, физиотерапия:

  1. электр тогыменемдеу
  2. ультрадыбыстық терапия
  3. жылумен емдеу
  4. курортология
  5. массажбентығыз байланысты.

Физиотерапия физиканыңбиофизиканыңбиохимияныңрадиотехниканыңэлектрониканың жетістіктерін пайдаланады.

Физиотерапия 20 астам «физикалық» факторларға негізделген емдік шаралар мен әдістемелер кешені. Медицинаның осы бағыты адам өркениетінің түп-тамырынан бастау алады.

Физиотерапия не үшін қажет?

Физиотерапияның басты мақсаты — адамды емделу үдерісі кезінде және емделуден кейін қалпына келтіру.

Физиотерапиялық шаралар көмегі арқылы:

  1. Адамның функционалдық жағдайы қалыпқа келеді;
  2. Мидың қанмен толығуы жақсарады, сонымен бірге адамның ақыл-ой мүмкіндігі арта түседі;
  3. Зат алмасу үдерісі жақсарады;
  4. Тірек-қозғалыс қызметін жақсарады;
  5. Пациенттің эмоциялық және соматикалық жағдайы нығая түседі.

Физиотерапия әдістемелері басқа емдеу түрлерімен жеңіл үйлеседі. Кейде ол сырқатпен күресу кезінде шешуші рөлді атқарады.Сонымен қатар, физиотерапиялық емшаралар пациенттерге жағымды әсер береді. Оларды пайдалану жайлылық сезімін сыйлайды. уқалау түрлері, сауна, бассейн, гидромассаж, емдік денешынықтыру, медициналық ұйқы адам ағзасына өте пайдалы.

Физиотерапия – емдеудің белсенді патогенетикалық әдістерінің бірі, ол ісу дистрофиялық процестердің тетіктеріне және функционалдық патологияға бағытталған.

Физиотерапия мына әдістерді қолданады:

Альфа капсула

Бұл медицина, ғылым және инженерлік технология саласындағы соңғы жетістік нәтижесі. Бұл құрылғы ағзадағы сауығу процестерінің жандануына барынша ықпал ететін жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл процедура тұжырымдамасына адамдар бағзы заманда ашқан қағидалар кіреді.

Процедураны өткізу барысында мына әсерлер пайдаланылады: бу, тұман, гидромассажды емдеу – Виши душы және қарама-қайшылы душ (Шотландтық Душ) және инфрақызыл сәулені қайта өңдеу арқылы гипертермия сынды гидротерапевттік технология жиынтығынан тұратын гидрофузионды терапия.

«МАВИТ» аппараты

МАВИТ- қуық түбі безінің қабыну ауруларын жылу-магнитті-тербеліс массажды емдеуге арналған физиотерапевттік аппарат. Бүгінгі таңда МАВИТ өзіне теңі жоқ бірегей физиотерапевттік құрылғы болып табылады. Үш емдік факторды (жылу, магниттік өріс және тербеліс) қолданатын құрылғыны пайдалану қуық түбі безіне кешенді түрде әсер етуге мүмкіндік береді, қуық түбі безінің сырқаттарын емдеуде тұрақты емдік нәтиже береді.

Гальвандау

Тұрақты гальванды токтың биологиялық әсерінің негізінде электролиз процестері, жасушалар мен тканьдерде ион шоғырлануының өзгеруі және үйектелу процестері жатыр. Қан жүргізетін тамырлар кеңейіп, қан айналымы жылдамдатылады, ток әсер еткен жерде биологиялық белсенді заттар қалыптасады, мысалы гистамин, серотонин және т.б. Гальванды ток орталық жүйке жүйесінің функционалды ахуалына қалыпқа келтіретіндей әсер етіп, қан және лимфо айналысын жақсартуға ықпал етеді, коронарлы темарларды кеңейтеді, жүректің функционалды мүмкіндіктерін арттырады, ішкі секреция бездерінің қызметін ынталандырады, жүйке-бұлшық ет аппаратының қозуына әсер етеді.

Электрофорез

Дәрілік электрофорез – ағзаға тұрақты электр тогы мен соның көмегімен ендірілетен дәрілік заттардың мөлшерлі түрде ықпалы. Эпидермисқа (терінің беткі қабатына) ене отырып дәрілік заттар жиналып қалады және бірте-бірте каппилярлық желіге диффундалады. Гальвандауды тағайындау үшін көрсеткіштер: І-ІІ кезеңдегі гипертониялық дерттер, бронхты демікпе, гастрит, колит, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, перифериялық жүйке жүйесінің бұзылуы, әйелдердің жыныс органдарының аурулары және т.б. Емдеуге қарсы айғақтар: токты жеке өзіндік көтере алмау, жіті іріңді процестер, электродтарды қоятын жердегі терінің бүтіндігінің бұзылуы (жарақатты процестерден тыс), кең таралған сипаттағы тері аурулары (экзема, дерматит) және ауруды сезу сезімінің мүлдем болмауы.

Диадинамотерапия және амплипульстерапия

Бұл импульсты токтардың жағымды әсері бар процедура. Бұл токтар айқын ынталандырушы, ауырсындырмаушы, трофикалық әсерге ие, қан айналуды жақсарту ісінуге қарсы және қабынуға қарсы әсерлерге ықпал етеді. Сонымен қатар, қаңқалық және жұмыр бұлшық ет мускулатурасын миоынталандыру жүргізіледі, бұл өз кезегінде – ішек, өт шығару жолдарын және зәрағар ширақтылығын арттырады. Емдеу үшін көрсеткіштер:

  • перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (радикулит, неврит, радикулоневрит, симпаталгия, жұлынның зақымдануы)
  • сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымды жарақаттануы
  • артерия мен көктамыр аурулары
  • І-ІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар
  • тыныс алу жолдарының қабыну аурулары (бронхты демікпе)
  • асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары
  • ревматоидты артрит, деформацияланған остеохондроз, Бехтерев ауруы
  • әйелдер мен еркектер жыныс органдарының созылмалы аурулары
  • спастикалық ауру, целлюлит

Емдеуге қарсы айғақтар: Ішкі органдардың жіті қабыну аурулары. Онкологиялық аурулар. Қан ағуға бейімділік. Жіті тромбофлебит. Имплантация жасалған кардиостимуляторлар. Гемартрозы бар буын іші сынулар. Әсер ету аймағындағы тері дефектілері. Зәр-тас ауруы мен өт-тас ауруы.

Интерференцтерапия

Бұл импульсті токтар арқылы емдік ықпал ету. Олар гинекологиядағы, неврология және гастроэнтерологиядағы созылмалы қабыну процестері кезінде, аурушаң синдромдарды емдеу үшін тканьдердің түбіне дейін терең оңай енеді. Емдеу көрсеткіштері:

  • Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары: радикулит, неврит, радикулоневрит, симпаталгия, жұлын зақымдануы.
  • Сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымды жарақаттануы.
  • Артерия мен көктамыр аурулары.
  • І-ІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар.
  • Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары.
  • Асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары.
  • Ревматоидты артрит.
  • Деформацияланған остеохондроз, Бехтерев ауруы.
  • Әйелдер мен еркектер жыныс органдарының созылмалы аурулары.
  • Спастикалық ауру.

ОУФк-03 сәулелеуші

ОУФк-03 сәулелеуші қабыну, тері және басқа да бірнеше дерттерді ЕСМ-де және үйде емдеу барысында жалпы сәулелендіруге арналған.

Ультрадыбысты терапия

Ультрадыбысты терапия – бұл әсер ету аумағындағы метоболиттердің микроциркуляциясын күшейте отырып тканьдерге микромассаж жасау, әсер ету аумағындағы концепторлы жүйке өткізгіштерінің компрессиясын азайту, қабыну ошақтарынан жасушалы детритті және патогенді микрофлораны тазарту. Емдеу көрсеткіштері:

  • аурушаңдық синдромы айқын буындардың қабыну және дегенеративті-дистрофиялық аурулары (артрит, артроз, ревматоидты артрит, остеохондроз, периартрит, эпикондилит), сүйек-бұлшық ет жүйесінің зақымдану және жарақаттану салдары (контрактура, тендовагинит);
  • перифериялық жүйкелердің қабыну аурулары (невриттер, невралгия, радикулиттер);
  • тыныс алу органдарының аурулары (бронхит, плеврит);
  • ас қорыту органдарының аурулары (ұлтабардың ойық жарасы, өт жолдары дискинезиясы);
  • зәр-жыныс жүйесінің аурулары (сальпингооофорит, аднексит, жатыр мойыншығының эрозиясы, простатит);
  • ЛОР-органдарының, көз, ауыз қуысының былжыры, склеродермия, трофикалық ойық жара.

Қарсы айғақтар: миокарда инфарктысы, аортаның аневризмі, геморрагиялық инсульт, IV ФК кернеу стенокардиясы, жеке өзіндік көтере алмау, имплантация жасалған кардиостимуляторлар, ішкі органдардың жіті қабыну аурулары, онкологиялық аурулар, гемобластоздпр, жіті тромбофлебит, гемартрозы бар буын іші сынулар.

Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

Қарапайым физиотерапияның әсер ету механизмі капиллярлардың кеңейіп, патологиялық аймақта қан айналымның күшеюіне байланысты.

Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады. Физиотерапия әдетте қызбалы жағдайда кері көрсетілім береді, аурудың тез таралуы, ағза – инфекциялық аурудың ең жоғары сатысында, туберкулездің актив кезеңінде, жаңадан пайда болған жаман сапалы және олардағы өзгерістерге көз қарас, қан жүйесінің ауруы, қан кетуіне дағдыланған және қан кетуі; қан айналымының жүрек тамырларының жетіспеушілігі ауруы қан айналымының ІІ сатысынан жоғары аортаны аневризмасы және үлкен тамырларда олар ауруға шалдығуы тез қозудан пайда болады. Емдеуде және профилактикада физикалық факторларды пайдалануда физиотерапиялық кабинеттерде және емхана, поликлиника бөлімдерінде жүргізіледі. Поликлиникада және басқа да емдеу – профилактикалық, қажет кезде емханалық палаталарда және үйлерде жүргізіледі. Физиотерапиялық бөлімшелер емханада жұмысты орындайды, және поликлиникада 10 дәрігерден кем болмаған жағдайда. Профилактикалық ұйымдар жас балдардың арасында жүргізледі, (өндірістік, демалыс үйлерінде санаторияларда). Физиотерапиялық бөлім ірі емхана және поликлиниканы басқарады. Дәрігер – физиотерапевт, арнайы дайындықтан өтпеген кезде орта медбике жұмысшы физиотерапиялық жұмысқа жіберілмейді, тек қана арнайы дайындықтан өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі.

Қарапайым физиопроцедураның түрлері

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Қарапайым физиопроцедураның түрлері:

— Мұзды мұйық;
— Жылытқыш;
— Қыша қағазы;
— Қыздырма компресстер;
— Салқын компресстер;
— Ыстық компресстер;
— Сүлікпен емдеу.

Физиотерапия процедуралары пародонт аурулары кезінде емдеу-алдын алу шаралары кешенінде маңызды орын алады.

Олар пародонт патологиясының кез-келген түрінде және сатысында көрсетілген, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу мақсатымен емдеудің, алдын ала сақтандыру мен еңбекке жарамды етудің әр түрлі кезеңдерінде кеңінен қолданылады.

Қазіргі заманғы түсініктер бойынша, физикалық факторлардың организмге әсері олармен тудырылатын клеткалардың физика-химиялық қасиеттерінің және  оларда болатын  алмасу процестерінің жиынтығымен, сондай-ақ олардың ықпалының әсерінен физиологиялық функционалдық  жүйелерде пайда болатын ортақ реакциялармен  анықталады, сонымен қатар олардың нерв-рефлекторлы және гуморальды табиғаты  болады.

Қазіргі заманғы  физиотерапияның   емдеу мүмкіндіктері өте үлкен.  Кез келген ауруды (соның ішінде пародонт ауруларын да) кешенді емдеу тиімділігінің физикалық факторларды алдын алу-емдеу арқылы  пайдаланудың келесі 10 жалпы принципін сақтағанда жоғарылайтынын  атап кету қажет :

  • теория мен практиканың диалектикалық бірлігі (бір жағынан, аурудың патогенетикалық аспектілерін, екінші жағынан, физикалық факторлардың әсер ету механизмдерін терең білу);
  • барлық емдік физикалық факторлардың әсер етуінің бірыңғай (рефлекторлық)  механизміне негізделген әмбебаптылық  және  саногенез процестерінің әмбебап сипаты (ауру кезінде  организмнің  өзін-өзі реттеуінің бұзылуын қалпына келтіру  механизмдері);
  • этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық амалдар бірлігі (этиологиялық фактордың әсерін бір мезгілде  бәсеңдететіндей  немесе жоятындай,  негізгі патогенетикалық  буындарға және аурудың маңызды белгілеріне  әсер ететіндей әдісті тағайындау);
  • организмнің меншікті қорғау күштерін ынталандыруға, басым көпшілігінде әр түрлі жүйелерге реттеуші  және  қуаттандырушы ықпал етуге,  гомеостатикалық әсер тудыруға қабілетті аз  мөлшерлемелер;
  • ол бойынша физикалық фактордың қолданылу уақыты, әдістемесі және негізгі параметрлері  патологиялық процестің   сипатына,  жеделділігіне және  фазасына   сәйкес келуі тиіс болатын ықпалдардың барабарлығы;
  • физиотерапияны жекешелендіру (яғни берілген науқастың бойындағы нақты ауруды емдеу; науқастың биоқалыптарын есепке алып емдеу

шараларын  жүргізу);

  • емдеу динамизмі (науқастың әрбір берілген  сәттегі жағдайын және патологиялық процестің өзінің динамикасын есепке алу);
  • созылмалы аурулар және полипатиялар кезінде ерекше маңызды, осы патологиялық жүйедегі детерминантқа ықпал ету кешенділігі (аурудың негізі ретінде патологиялық жүйе туралы қалыптасқан түсініктерді есепке алғанда);
  • ықпал ету параметрлерінің түрленуі (курстық емдеу процесінде физиотерапиялық емдеу шараларын жүргізу шарттарының, дозиметрлік  сипаттамалардың  өзгеруі);
  • сабақтастық (физиотерапия алған науқаста алдыңғы емделуінің бүкіл

спектрін  қатаң есепке алу).

Физиотерапия процедуралары тұтас алғанда адам организміне және жеке алғанда пародонтқа көп факторлық әсер етеді.

Оларды қолдану нәтижесінде организмнің тіндері мен қорғаушы күштерінің өзгеше емес күшіне енуінің қозуы байқалады, қабыну процестерінің белсенділігі азаяды, тіндердің қоректенуі жақсарады,  қалпына келу процестері күшейеді. Өзгеше емес әсерлермен қатар көптеген физикалық факторлар патологиялық процестің биофизикалық, биохимиялық және патофизиологиялық механизмдеріне өзгеше әрекет етеді.

Физикалық құралдарды патологиялық процестің кешенді терапиясына қосқан кезде екі негізгі аспектіні:

1) физикалық факторлардың әрекет ету механизмін, процедураны тағайындау әдістемесін, параметрлерін;

2) организмнің жалпы жағдайын, аурудың сатысын және клиникалық суретін есепке алу керек.

Физиотерапияны тағайындау кезінде берілген физикалық факторларға жалпы және өзгеше қарама-қарсы көрсеткіштерге ерекше көңіл аудару қажет.

Ең ортақ қарсы көрсеткіштерге жаңа өскіндерді немесе олардың бар болуына күдіктерді, қан ағуға бейімділікті, күрт айқындалған жүрек-қан тамыры және тыныс алу жеткіліксіздігін, улану жағдайын, жүдеуді, тері ауруларын, қанның жүйелі ауруларын,  жеке  төзуге болмаушылықты жатқызу керек.

Процедураларды жүргізудің үйлесімділігі мен жүйелілігі мәселелері үлкен роль атқарады.

Қазіргі физиотерапияның емдеу мүмкіндіктері үлкен екендігін есте сақтау керек, бірақ, емдеудің әрбір активті әдісі сияқты, ол  білікті және абайлы ыңғайды талап етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том;
  2. Улащик В.С. Физиотерапия. Универсальная медицинская энциклопедия / В.С. Улащик. – Минск: Книжный дом, 2008. – 640 с.;
  3. Өтеубаева Р.Д. Физиотерапия: Оқу- әдістемелік құрал /Р.Д. Өтеубаева .- Қарағанды, 2009. — 96 б.;
  4. Лукиных Л.М., Успенская О.А. Физиотерапия в практике терапевтической стоматологии: Учеб. пособ. /Л.М.Лукиных, О.А.Успенская — Нижний Новгород: НГМА, 2007.-36 с.;
  5. Г.Т. Бекетаева, Н.К. Сейтмамбетова,  Н.К. Әкімниязова «Мейірбике ісі негіздері»;
  6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» — Москва, 2007 г;
  7. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.

WEB сайттар тізімі:

  1. medeponim.ru
  2. med.ru
  3. doctor.ru
  4. medcenter.kz
  5. svsmedical.kz
  6. medmedia.kz

Тәжібаева Эльмира Жанзаққызы,
Түркістан жоғары медицина колледжінің
Физиотерапия пәні оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.