Home » Балабақша » Шуақты жаз – 2019

Шуақты жаз – 2019

 

Демалыстың көркі – лагерь. Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыру күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да оқушылардың рухани баю өз күштерін тексеру және байқап көру қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт – сауықтыру лагерінде өтеді.

«№ 7 Сарысу ЖОББМ» КММ – де «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Бұл лагерде І маусымда 20 бала қамтылды. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Лагерь тәрбиешісі: Жаужанбай Қаракөз Жаңбырбайқызы.  І ауысым 03.06 – 25.06. ІІ ауысым 28.06. – 20.07. аралығында өтеді. Лагерьге балалар уақытымен, толық келіп отырады. Әр күн бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізілді.

—     Балалар ойын алаңында ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл – қозғалыс ойындарын жасайды.

—    Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізіліп тұрады.

  • Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылақ қабілеттерін арттыру мақсатында, көрме, конкурстар өткізіліп отырады.
  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттырып отырды.

Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық.  1 маусым күні «Шуақты жаз» тақырыбында іс – шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына салтанатты сап жиыны өткізіліп, Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған іс – шара өткізілді. Әр түрлі ойындар ойнатылды. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбибісі Абеуова Б. тәлімгер, кітапханашы Есенбекова Ж. ат салысты.

Мектептің тәлімгері және тәрбиешісі оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әр түрлі сайыстар өткізіп отырды. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкаларымен билеуден бастайды. «Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету болып табылады. Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды. «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын әрі қарай қызықты жалғастыруда.

                                                     Тәлімгер: Ускембаева С.Х.
«№ 7 Сарысу ЖОББМ» КММ

                                                

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.