Home » Мақалалар » Тәрбиеші болу – бақыт!

Тәрбиеші болу – бақыт!

Жумагулова Сару Асемтаевна
Павлодар облысы
Ақтоғай ауданындағы
«Ақ бота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

 

Балабақшадағы тәрбие – тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды күрделі өмірге ертетін үлкендердің бірі.

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз жақсы жақтары да бар. Мен балабақша тәрбиешісімін. Алдымдағы барлық тәрбиеленушілерім керемет деп айта аламын. Шынын айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін, бірақ сол кішкентай жеткіншектердің маған деген ықыласын еске түсіргенде, шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «балабақша әлеміне» бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың. Өйткені бала пәк, тап-таза. Балаларды тәрбиелеуде қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың                                     ой-сезімдерін еркін жеткізе алуға баулу, сөздік қорларын молайту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Қазіргі заманда тәрбиеші болу – қиын жұмыс. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Тәрбиешінің жетістігін бағалау да өте қиын. Тәрбиешінің жұмысын сызғышпен өлшеп қоятын дүние емес. Қиыны мен қызығы қатар жүретін өз мамандығымды жақсы көремін. Себебі, тәрбиеші болу – менің жүрек қалауым. Сондықтан да, мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Тәрбиеші балаларға жақын. Себебі түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізе жүріп, балалардың бойындағы жеке қасиеттерін танып, ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысады, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

Әр күн балаларымды асыға күтемін, әр бала бүгін қандай күйде келетінін ойлаймын. Олар маған сенеді. Бұл үлкен жауапкершілік!

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Балаларыммен ара-қатынаста болу маған қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.