Home » Мақалалар » Павлодарлық оқушылар энергия және ресурстарды үнемдеу жобаларымен бөлісті

Павлодарлық оқушылар энергия және ресурстарды үнемдеу жобаларымен бөлісті

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Eco boom» облыстық жобасы аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Болашаққа арналған энергия және су»  атты шағын жобалар байқауы өткізілді.

Байқау тәжірибелік энергияны және ресурс үнемдеу дағдыларын қалыптастыруға, бастаманы іске асыруға, еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеуге және жалпы мемлекеттік істердің шешіміне жеке қатысудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Аталмыш байқауға Павлодар және Ақсу қалалары, Аққулы, Павлодар, Железин, Май, Ақтоғай аудандары қатысқан болатын. Жалпы конкурсқа 60 жұмыс қабылданды.

Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жобалау жұмыстарын қорғаудың әртүрлі форматы ұсынылды. Олар: бейне, сурет, фотоколлаж, өлең, ән, эссе, мақала, мультфильм, комикс және т. б.

Байқау жұмыстарының негізгі тақырыптары «Үйдегі суды үнемдейміз» және  «Энергияны сақтауға қол ұшынды бер!» деп алынды.

Келіп түскен шағы жобалар ішінде Аммри Әльтайырдың (Аққулы ауданы, С.Сатыбалдин ат.ЖОББМ), Айдана Серікбаеваның (Павлодар ауданы, Ефремов ЖОББМ), София Братинованың (Ақтоғай ауданы, М.Қайырбаев ат. ЖОМ), Потанин ЖОМ топтық жобалары (Аққулы ауданы), К.Камзин ат.ЖОМ (Ақсу қаласы) жұмыстарында энергияны және ресурс үнемдеу идеялары тамаша насихатталған.

Жобалардың әрқайсысы «Жасыл технологиялар» идеясын анық көрсетіп: табиғатты ұтымды пайдалану, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды сақтау және жаңарту болып табылады.

Әсіресе, байқаудың ең жас қатысушыларының жұмыстары өте қызықты болды.

Байқау жеңімпаздары бола алмаған бірінші және екінші сынып оқушылары жеке жұмыстар жасағанын атап өту керек. Коломиец Софья (Ямышев ЖОМ, Аққулы ауданы) «Қалдықтарды кірістерге айналдырайық» және «Мата құрақтарына екінші өмір берейік», Савченко Анфиса (Михайлов ЖОМ, Железин ауданы) — «Энергияны сақтауға қол ұшынды бер!», Королева Ангелина және Магзам Сабина (Ямышев ЖОМ, район Аққулы) — «Өсімдіктердің жасыл киімі» ағаштар мен бұталарды отырғызу, аумақтарды абаттандыру туралы.

Осындай шағын-жобалар байқауын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Алдыңғы оқу жылынан бері «Ертіс өзеніне-таза жағажай керек!», «Басқа адамға жылулық сыйла», «Пластик пакетеріне жол жоқ!», «Қоқыс революциясы», «ЭкоСөмке» бизнес-жобалары қолға алынған.

Бағдәулет Нұрмат
Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.