Home » Мақалалар » ҚОС БІЛІМ ОРДАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ҚОС БІЛІМ ОРДАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Теректі аудандық білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі
Суреттер Әділет ОРЫНБАСАРОВТІКІ

    Теректі ауданы бойынша бірнеше жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі — мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуі еді. Бүгінгі таңда аталмыш мәселелер өз шешімін табуда. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауданның екі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты 1984 жылы 464 оқушыға арналып салынған. Содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Тозығы жетіп, төбе жабыны ескіріп, есік-терезесі, жылу жүйесі сын көтермейтін жағдайға жеткен мектепке республикалық бюджет есебінен 267 млн. теңге қаражат бөлінді. Аталмыш мектепке «Алтим» құрылыс компаниясы мердігер болып анықталып, 5 мамырда жұмыстарын бастап кетті. Күрделі жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл ғимараттың бір бөлігінде 40 орындық шағын орталық бар. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, бұл орталықта мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс жұмыстарына атсалысуға жергілікті жерден 33 адам қамтылған.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екінші мектеп – Долин ауылдық округіндегі Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі. Жалпы ауданы 2146 шаршы метр ғимаратты жөндеуге республикалық бюджеттен 230,5 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Фирма ИСКОМ» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер компания арадағы келісімшарт негізінде жергілікті тұрғындардың 29-ын жұмыспен қамтыған. Долин ауылдық округіне қарасты елді-мекендерде мектептер жабылу алдында. Сол себепті, мұндағы шәкірттерді Чапаев мектебіне көшіру жоспарланған. Ол үшін мектеп жанынан интернат ашылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.