Home » Мақалалар » Тал отырғызу акциясы жалғасуда

Тал отырғызу акциясы жалғасуда

Алматы қаласы Алатау ауданы білім басқармасына қарасты №31 бөбекжай балабақша ұжымы Жаңару күні, яғни бүгін балабақша ауласына көшет отырғызды.
Наурызда табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Сондықтан бүгінгі күн барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға шақырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Наурызнама он күндігі де елді біріктіріп, игі істер атқаруға үндейді. Осы мереке аясында Алматы қаласының барлық мектеп, балабақша, ЖОО-да тал отырғызу акциясы қолға алынған болатын. №31 бөбекжай балабақша ұжымы да шараға белсене қатысты.
     

— Президент белгілеп берген Наурызнама онкүндігін қазақ халқына деген сый-құрметі деп білемін. Наурыз — ұлттық мерекеміз ғой, осы мерекемізді жоғары деңгейде тойласақ бізге одан артық бақыт бар ма? Тал ектік. Барлығымыз қуаныштымыз, ойнап-күліп отырғызып тастадық. Әз-Наурыз құтты болсын, ағайын! -дейді балабақша әдіскері Еспулова Алмагүл.
Балабақша ауласына жиырмаға жуық тал отырғызылды. Бұл игі бастама жылдан жылға жалғасын табары сөзсіз. Туған жеріміздің тал-терегін жайқалтып, айналамыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы.

Алматы қаласы № 31 КМҚК
бөбекжай-балабақша меңгерушісі
Айнұр Юсупқызы

2 комментария

  1. Вильдана

    Молодцы, супер, вот, какой пример показываете детям! Рада за всё это

  2. Кішкентай бүлдіршіндерге керемет үлгі! Апайлары өте ұйымшыл екен көрініп тұр. Алла разы болсын! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.