Home » Мақалалар » Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Шаметова Ғалия Асқарқызы
Алматы қаласы
№ 183 КМҚК бөбекжай балабақша меңгерушісі

Жаңару күні қарсаңында Алматы қаласы Алатау ауданы білім басқармасына қарасты № 183 бөбекжай ата-аналары мен балабақша бірлестігі бірігіп балабақша аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Жаңару күні — биылдан бастап жаңа форматта тойланып жатқан Наурызнама онкүндігінің 6-шы күні. Атаулы күн көктемгі ағаш егу дәстүрімен ұштасып, мерекелік шараға еліміздің оқу орындары мен балабақша ұжымдары да атсалысуда.
Президент Қ. Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 5 жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі игі шараға қатысқан әр азамат елімізді көгалдандыруға өз үлесін қоса алды.
   


— Бүгін №183 бөбекжай-балабақшасының ұжымы, бүлдіршіндері мен ата-аналары болып бірігіп балабақша аумағына көшеттер отырғыздық. Бәрі белсенділік танытты.
Жер дүниенің жасарып, жаңғыратын кезі Наурыз айында бабаларымыз да ертеректе ауыл маңына ағаш егуді парыз санаған. Бабаларымыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дегенді де біліп айтқан, себебі тал — мәңгілік.
Жердің көркі де — ағаш, көгалдандырудың экологиялық маңызы да зор. Осы егілген ағаштар келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.