Home » Жаңалықтар » Оқушылар жігіт сұлтанында бақ сынады 

Оқушылар жігіт сұлтанында бақ сынады 

Оқушылар жігіт сұлтанында бақ сынады 

Жуырда Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №174 мектеп-гимназияда 9-11 сынып оқушылар арасында  “Жігіт сұлтаны-2024” байқауының аудандық кезеңі өтті.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, жан-жақтылыққа баулу мақсатында өткен шара жан-жақты ізденіспен, үлкен жауапкершілікпен жасалынғаны байқалды.

Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында Наурызбай аудандық білім бөлімінің бастығы Салтанат Құсаинова Салтанат        Амангельдиновна, Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Бралина  Назия Ғалымқызы, Ардагер ұстаз Шайкенова Ляззат Шаймуратовна, Республикалық «Білім айнасы» жобасының негізін қалаушы, журналист Қуантай Амантайұлы, Суретшілер одағының мүшесі ”Бабалар аманаты” Халықаралық көркем еңбек пән мұғалімдері жобасының жетекшісі Кодеков Қанағат Қалиұлы болды.

Байқау бес кезең бойынша өтті. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, “Калашников” автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынады. Сондай-ақ қатысушылар ақыл-ой тереңдігін, ой-ұшқырлығын сарапқа салу мақсатында қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты сұрақтарға да жауап берді.

Сайысқа 187 ЖББМ 10 сынып оқушысы Сарсенбай Алихан Азаматұлы, 192 ЖББМ 10 сынып оқушысы Бақытұлы Марғұлан, 157 ЖББМ 9 сынып оқушысы Самархан Медет Дударұлы, 176 Мектеп-гемназиясының 11 сынып оқушысы Құрманғалиев Мейрам Нұрланбекұлы, 200 Мектеп-гемназиясының 11 сынып оқушысы Ержанатұлы Ержол, 15 СМИ 9 сынып оқушысы Ағабекұлы Дарын, 208 Мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Мақсат Диас Асхатұлы, 207 Мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нурлан Темирлан Айдынұлы, 206 Мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Марат Даниярқожа, 186 ЖББМ 10сынып оқушысы Әмілбек Ернұр Ерланұлы, 174 МГ 11 сынып оқушысы Алибек Ертарғын, 188МГ 9сынып оқушысы Алимбай Сакен Шынтасұлы қатысып, өз бақтарын сынасты. Іс шара соңында сайыскерлер марапаттарға ие болды.


Алматы қаласы
журналист
Елекенов Есенжол

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.