Home » Жаңалықтар » Білім мен спорт қатар жүр…

Білім мен спорт қатар жүр…

Слямбаева Аймаш Қоңырғазықызы,
Халықаралық білім беру корпорациясы,
Жалпы құрылыс факультеті

Білім мен спорт қатар жүр…

Үстіміздегі  жылы  қаңтар айының 5–15 жұлдыздары аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлын еске алуға арналған спартакиада-2024» өткізілді.

Халықаралық білім беру корпорациясында 13 команда жасақталып, спорттың әр түрінен – шахмат, дартс, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, минифутбол, арқан тарту сияқты, сондай-ақ спорттық эстафета бойынша қызықты әрі тартысты жарыстар өтті. Олардың арасында Жалпы құрылыс факультеті командасы да болды, соның ішінде ЖҚФ оқытушылары да белсенді қатысты.

Жыл сайынғы дәстүрлі спорттық іс-шара салауатты өмір салтын, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуды қамтамасыз ету үшін профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатын жәділесе, осы сайыстан сол маңыздылықты байқадық. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» және бұқаралық спортты дамыту үдерісі жалғасып,  бір серпіліс пайда болды.

Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, факультетіміздің жартысынан көбі спартакиадаға тікелей қатысса, басқа оқытушылар жанкүйер болып, факультетті барынша демеп отырды,  әр түрлі жастағы оқытушылар ғана емес, сонымен қатар ардагерлер де жарысты. Салауатты өмір салты біздің оқытушылар үшін нормаға айналғаны қуантады. Және тек жігерлі, қозғалмалы, сау болу бүгінгі күні сәнді және беделді болады. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының ең кең тараған және сүйікті түрі спартакиада болып қалуда екені білінді.

Жарыстың әр түрлілігі, эмоциялық көтерілу, спорттық сайыстың жоғары шыңы мереке атмосферасын құруға ықпал етті. Спартакиада тек қатысушы-оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар қатыспаған оқытушыларға-көрермендерге де үлкен жағымды әсер берді. Жарыста жеңеміз деп, жүрегіміз алып ұшып, сәттілік тілей отырып, жеңіске жеттік. Коллективті жұмылдыра, ынталандыра білген, өзі де ат салысып, жеңісті жақындатқан факультет деканы Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлына алғысымыз шексіз. Жетістіктер мен жеңістер абыройымызды асырып, мерейімізді көтерді. Сөйтіп ойдағыдай жұмыла істелген іс, жоспарлағандай атқарылған жұмыс – жетістіктің нақ өзі болды.

       

Спартакиаданың соңғы күні  салтанатты жағдайда, әріптестердің қошеметімен жеңімпаз командаларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды. Естелік сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен жеке біріншілік жеңімпаздары мен жарыстардың белсенді қатысушылары марапатталды, «Орман ертегісі» кешенінде дастарқан жайылып, ертегідей демалыс ұйымдастырылды.

One comment

  1. Ұжымдағы барлық әріптестерге еңбекте зор табыстар тілеймін. Жаңа жыл елімізге берекелі жыл болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.