Home » Жаңалықтар » БҚО-да ағылшын тілінде «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы жеңіс» атты оқушылар арасында қашықтан байқау өтті

БҚО-да ағылшын тілінде «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы жеңіс» атты оқушылар арасында қашықтан байқау өтті

БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін 9-10 сынып оқушылары арасында «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы жеңіс» атты облыстық ағылшын тілі пәні бойынша қашықтық шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — мектеп оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық пен ойлау қабілеттерін айқындау мен дамыту, дарынды оқушыларды қолдау білдіру.

Қашықтан өткізілген байқауға облыс бойынша 181 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысында 9 сыныптар арасында Ө.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құтиева Перизат (Жәнібек ауданы), Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрқаятова Жансәуле (Жәнібек ауданы), Новопавловка жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Киселева Ангелина

Теректі ауданы жеңімпаз атанса, 10 сынып оқушылары арасында Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ескалиева Камила (Ақжайық ауданы), М. Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Жәрдем Дария (Жәнібек ауданы), Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Иосифова Диляра (Сырым ауданы), Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің10 сынып оқушылары Адлханова Аружан, Беккалиева Гулшат;

№37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Сейтмуханова Альмира (Орал қаласы), №37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Сарсембиева Гульназ (Орал қаласы) үздік деп танылып, жеңіс тұғырынан көрінді.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.