Home » Білім және тұлға » Жақсы адам ғана жақсы ұстаз болады

Жақсы адам ғана жақсы ұстаз болады

  Алмагүл Ағыбайқызы Павлодар педагогикалық мемлекеттік институтын бітіріп, еңбек жолын №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінде бастады. Аталған білім ордасына келген кезден бастап, өзін өз ісіне мол жауапкершілікпен қарайтын, білімді, білікті, ізденімпаз ұстаз ретінде таныта білді. Оқушылармен де, ата-аналармен де жақсы қарым-қатынас орнатты. Жыл сайын өз білімі мен тәжірибесін дамытып, жетілдіріп отырады. Шәкірттерінің бойына қарапайым адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, олардың рухани дүниесін байытуға да зор үлес қосуда.
«Жас келсе іске» дегендей, Алмагүл Ағыбайқызы 2018 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қызметін тиянақты әрі абыроймен атқарып келеді. Оның басшылығымен, мектеп оқушылары бірқатар  жүлделі жетістіктерге жетіп, мұғалімдер республикалық қашықтық олимпиадаларда жеңіске жетті. Оқушылары жыл сайын өз пәнінен түрлі олимпиадаларға қатысып, мектеп абыройын асқақтатты.
Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қанатты сөзін өзінің өмірлік қағидасы деп біледі. Сыныпта – білімді ұстаз, ұжымда – сыйлы, білікті әріптес. Айналасына әдепті мінезімен мол мейірім шашқан қадірлі ұстаздың алдағы уақытта да алар асуы аз болмайтындығына біз сенімдіміз.
Сондықтан да, әріптесімізге дарынды шәкірттеріңіз көп болсын, еңбегіңіз жана берсін, демекпіз.

Сураганов Актан Узакбаевич,
Павлодар облысы
Павлодар қаласы
№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің директоры

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.