Home » Жаңалықтар » Үздіктер лездемеде марапатталды

Үздіктер лездемеде марапатталды

Мектебіміздегі оқу жылының әр тоқсаны қорытындысы бойынша түрлі бағытта үздіктер қатарынан көірен білген шәкірттерімізді марапаттау дәстүрге айналған. Осыған орай, кезекті лездеме өткізіліп, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан озат оқушыларға құрмет көрсетілді.
         Шараға мектеп директоры Бағдан Қайыржанов қатысып, біздің оқушылардың арасында дарынды, талантты балалардың көп екенін айтып, жоғары көрсеткіштің  арқасында мектеп, сынып, ата-ана абыройы арта беретіндігін атап өтті.
    Ізгі тілектің соңы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдары оқушыларының арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында  жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен желілік және  жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  қалалық кезеңінде бақтары жанған 80 –нен астам  жүлдегерлерді марапаттаумен жалғасты.
Дәл осы лездемеде халықаралық IELTS емтиханында жоғары балл алған 12 сынып оқушылары Еркебұлан Иманбаев (8.5 балл), Асылжан Дәуренқызы (8.0 балл), Махаббат Такишова (8.0 балл), (мұғалімі Юлия Каменская),  Ұлан Сейітқалиев (8.0 балл), (мұғалімі Әлия Олжаева) сынды болашағынан мол үміт күттіретін шәкірттеріміз бен 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін «Жылдың жас ғалымы» аталымымен Семей қаласы әкімінің сыйлығын жеңіп алған Нұрбол Мақтаев пен Мирас Мұратқановтардың есімдері ерекше аталды.

Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.