Home » Жаңалықтар » Қызылжардың қырандары

Қызылжардың қырандары

  Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар елді мекеніне ат басын тіредік. Мектеп шағын ғана үш қабатты ғимарат, қасында бір қабатты қосымша бастауыш балалары оқитын бөлімі тағы бар. Табалдырықтан аттағалы есіме балалық шағымның мөлдіреген естеліктері келді. Ауыл мектебінде оқыған едік. Қоңырау уақытында жүгіріп далаға шығып, асық атып үлгеруге тырысатынбыз (ол кездегі ойындар асық, лекеш, анда санда ләңгі, өгіз бірдеңе). Қоңыруда ерекше болатын. «Шааар…» дегенде өкпеңді қолыңа ұстап, сабақ болатын сыныпты бетке алып,  ұшатынбыз.

Мектеп директоры Нұр-Сұлтан қаласында тоғыз айлық оқуда болғандықтан, оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтын Мұсатайқызымен жолығуға тура келді. Ол кісі мектепті аралытып, таныстырып шықты. Оқу ордасында 324 оқушы білім алады, сондай-ақ 29 бүлдіршін даярлықта білім игеруде.

5 «Б» сыныбында математика сабағын Альмаганбетова Алия Оразбекқызы, 5 «А» сыныбын дене тәрбиесін Кабаров Мейрамғали Азатұлы, 6 «А» сыныбында география пәнін Даулетбаев Еркебұлан Аязбекұлы, 6 «Б» сыныбында Қазақстан тарихын Айтбаева Сауле Магзумқызы, 7 сыныбында қазақ тілін Аманжолова Айсулу Құрманғалиқызы сабақтарын  өткізіп жатыр екен. Ұстаздармен тілдесіп, оқушылардың өмірге, мектепке, оқытушыларға деген ойын, қарым қатынасын білдік. Мамандық жайында сөйлестік. Бірі ауыл шарушылығын, енді бірі механик саласын, бірі робототехника, тағы бірлері аниматцияны меңгеріп, сол салалардың маманы болғысы келетіндерін айтты. Балалар ашық, көздерінен жалт-жұлт еткен жалынды көрдім. 6 «А» сынып оқушысы Наргиз Әубакірқызының өз қолымен өрнектеген бірнше суретіне көз айым болдық. Сәл баулыса болғаны нағыз аниматор суретші шығайын – ақ   деп тұр. Тағы бір айта кететін жайт мектеп бітіріп кеткен түлектер жылда өздері оқып кеткен мектепке демеушілік жасап, қамқорлық көрсеттеді екен. Оның дәлел мына далада тұрған еліктер мен акты залының безендірілген жұмыстары. Алла сәтін салса ол жұмыстарға жеке-жеке тоқталамыз деп ойлаймын.  Ағайлары мен апайлары қанат беріп, ауылдастары демеп жүрген  түлектердің, қыран болмауға қақысы жоқ.

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
“BILIM AINASY” жобаларының негізін қалаушы,

“ШАШУ” оқу танымдық кешенінің авторы,
журналист

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.