Home » Жаңалықтар » Павлодар қаласының NIS оқушысы Амира Артықбаева EF Spelling Bee 2020 жеңімпазы атанды

Павлодар қаласының NIS оқушысы Амира Артықбаева EF Spelling Bee 2020 жеңімпазы атанды

    Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Амира Артыкбаева Education First білім беру компаниясының ұйымдастыруымен өткен EF Spelling Bee 2020 халықаралық жобасының жеңімпазы атанды.

EF Spelling Bee — Қазақстан бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілін меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған жоба. Оған республиканың әр өңірінен үш мыңға жуық оқушы қатысқан.

Байқаудың алғашқы сынағында оқушылар тест арқылы ағылшын тілін білу деңгейлері тексерілді. Ал екінші кезеңде «Why travelling abroad is important for people of Kazakhstan?» тақырыбында бейнежазба түсіру арқылы конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ақтақ кезеңде ең үздік қатысушылар спеллинг (сөздерді әріптермен айту) бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде Амира кіші лигада 1-орынды жеңіп, ондағы Бас жүлде ретінде Англияға апталық оқуға жолдаманы ұтып алды. Жеңімпаз жазғы демалыс кезінде Англияның Истборн қаласына барып, тілдік курстан өтетін болады.

— Нәтижелер белгілі болып, жеңімпаздар есімін атай бастағанда, өз атымды ести салысымен қуаныштан жылап жібердім. Шынымен де көптеген жұмыстар атқарылды және мен осындай нәтижеге жеткенімен өте қуаныштымын. Жеңіс сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен үшін қолдау көрсетіп, дауыс бергендерге көп рахмет. Сондай-ақ ұстазым Әсемгүл Қасқыроваға ризашылығым шексіз, — дейді жеңімпаз.

Божақанова Рымгүл Асылбекқызы
Павлодар қ. химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.