Алматы қаласы білім басқармасының
«№12 бөбекжай-балабақшасы» Әдіскері
Әлібек Жауқасын Әлібекқызы
Алматы қаласы білім басқармасының «№12 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК “Жарқын болашақ” жобасы аясында ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ — сөздің қазығы» тақырыбында сайыс өткізді. Сайысқа мектепалды «Жұлдыз» және «Қарлығаш» топтарының ата-аналары балаларымен қатысты. Бұл сайыстың мақсаты: тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сайыс:
- Смайлик арқылы көрсетілген мақал-мәтелдерді табу;
- «Кім жүйрік?» (жұмбақ жасырылады , жұмбақтың жауабына мақал айту);
- «Ойлы болсаң, озып көр» (мақалдың жалғасын табу)
- Тұрақты сөз тіркестері (мағынасын табу) кезеңдері бойынша жүргізілді. Барлық кезеңдер бойынша қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында мақал-мәтелдерді, көнеден келе жатқан тұрақты сөз тіркестерін қолданатынын көрсете білді. Қатысушылар үшін ең қызықты да, қиын кезең смайликтер арқылы жасырынған мақал-мәтелдерді табу болды. Ата-аналарымыз барлық кезеңдер бойынша өздерінің ұшқырлықтарын танытып, сүрінбей өте білді. Сайыс соңында балабақша меңгерушісі Нурманбетова Гулжамал Дакесовна сөз сөйлеп, топтарды жинаған ұпай сандарына байланысты марапаттап, сайысқа қатысушы ата-аналар мен тәрбиеленушілерге алғысын білдірді. Ата-аналар да өз тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің- анаң, сыйлап оны өтіңдер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабаларымыздың тарихын ұмыту» — деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік.