Home » Мақалалар » Жаңа үрдіс — игі бастама

Жаңа үрдіс — игі бастама

Алматы қаласы  Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектептің
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
 Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы

№177  жалпы білім беретін мектепте құзіреттілік орталығының  «Педагогикалық шеберлік»  бағыты бойынша  «Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдау» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жол картасы» бойынша  аудан көлемінде жетекші мектеп деп танылып,  осы бағытта  алғашқы жұмыс жоспары жүзеге асырылып, аудандық семинар өткізілді.

Мектептердегі конкурс жеңімпаздары мен озық тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесін тарата отырып, басқа мұғалімдердің  қосымша өз білімдерін толықтыруына жағдай жасау, шебер, креативті мұғалімдер тобынан шығармашылық топ құру, тәжірибе алмаса отырып, басқа да мұғалімдердің талапқа сай, инновациялы оқу үдерісін меңгерген оқытушылар қауымын құру, бірлесе жұмыс жасау мақсатындағы семинар болды. Аудан көлемінде жетекші мектеп деп танылған шығармашылық топтың негізігі міндеттері — шығармашылық топ құру, тәжірибе тарату, түрлі байқаулардың жеңімпазы болу, басқа мектептермен бірлесе жұмыс жасау және кәсіби шеберлікті арттыру бағытында болып, алғашқы жұмыс жоспары жүзеге асырылуы жоғары деңгейде өтті.

Семинардың ашылуы “Мектеп — білімнің бастауы” атты  мектеп жайлы бейнероликті көруден басталды.
Әрбір таңы  нағыз еңбек, адал іс,
Жұмсайды әрқашанда білімге күш.
Жетістігін бағалап ұстаздардың,
Мәртебесін көтеретін табысты іс — дегендей, мектебіміздің мерейін үстем ететін ұстаздарымыздың кәсіби жетістіктері айтылды.

 Семинарға ауданнан сексенге жуық мұғалімдер келіп, мектептің тәжірибелі мұғалімдерінің семинар-коучинг сабақтарына қатысып, семинардан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Мектеп директоры Танатов Тұрсын Танатұлы бұл жобаның мақсат, міндеттерімен таныстырып, мектеп жайлы біраз ақпараттарға тоқталып, кешенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Мектептің мақтанышы болатын, жетістіктермен таныстырып, қонақ болып келген әріптестер төртке бөлініп,  түрлі сабақтарға  қатысты.

Сабақтар төмендегідей тақырыптарда жүргізілді. Семинарда «Бізбен бірге бренд ұстаз бол» атты тақырыпта математика пәнінің мұғалімі Адилбеков Алмаз  Муратович,  физика пәнінің мұғалімі Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы,  тарих пәнінің мұғалімі Сейсенбек Бауыржан Бекболатұлы өз тәжірибелерімен бөлісті. «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда инновациялық  әдіс-тәсілдердің тиімділігі» деген тақырыпта  бастауыш сынып мұғалімдері — Жумаева Нургул Оразовна мен Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы, «Ұлттық құндылықтарды оқыту дағдысында қолданудың тиімді жолдары» атты тақырыпта  ағылшын тілі пәні мұғалімдері —  Игиликова Нурсулу Зейнегабыловна мен Каримова Меруерт Кадртаевна, «Оқушыларды 4К дағдыларын дамытудың тиімді әдістері»  атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері — Сакеева Гульхан Жаманбаевна мен Курымбаева Жанар Темирхановна, «Мұғалімнің кәсіби бренді және педагогикалық қызметтің сәттілік атмосферасын құру жолдары» атты тақырыпта Адилбеков Алмаз Муратбекович, Әбдірәсіл Саян Жақыпұлы және  Жанабаева Мадина Аскарбековналар кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Семинардың қорытынды  бөлімінде “Кері байланыс кемелдендіреді” тақырыпта директордың оқу – ісі  жөніндегі орынбасары Смаилова Сәбира Әбдумүтәліқызы сөз алып, келген қонақтарды кері байланыс жасауға шақырды.

Мектеп директоры Тұрсын Танатов семинар ай сайын жоспар бойынша жалғасын тауып отыратындығын және  білім ордасындағы басқа да білім берушілер өздерінің түрлі сабақ өту тәсілдер,  шеберліктерімен бөлісетінін және оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, одан әрі ынталануына жол көрсететін әр қилы жұмыстармен тәжірибе алмасатынын айтып өтті.

Келген  қонақтар семинардан алған тамаша әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді. Семинар аудан көлемі бойынша келген әріптестердің жақсы пікірлері мен көзқарастарынан жоғары деңгейде өткендігін көрсетеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.