Home » Жаңалықтар » 15 мамыр — ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

15 мамыр — ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады.

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек.

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.

Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі Сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.