Home » Мақалалар » Абай-мәңгілік бізбен бірге

Абай-мәңгілік бізбен бірге

Нұр-Сұлтан қаласы
№83 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Иманкалиева Сагила

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Қазақ әдебиетінде Абай кіргізген жаңалық көп.Абай-қазақтағы суретті,сұлу сөздің атасы;тереңге сырлы,көп мағыналы кестелі өлеңнің атасы.Қазақ өлеңіне үлгі,өрнек берген,түрін көбейтіп,қалыбын молайтқан-Абай.Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан.Әдебиетке,өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір,теріс ұғымның бәрін жоғалтып,жұрттың ойын тәрбиелеген.

Мен өзім ұстазбын.Мектепте қырық жыл шамасында бастауыш сынып оқушыларын оқытып,тәрбиелеп келемін. Абайдың әр сөзі-мен үшін өмірімнің өрнегі,тіршілігімнің тынысы. Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгертуді мақсат еттім.Сабағымды Абайдың өлең жолы, 45 қара сөзі, әндері мен күйлері ,нақыл сөздері мен өсиет сөздері  арқылы бастап өткізу арқылы. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыруға жол ашты.Сыныбымдағы Серікқызы Нұрсая,Қыдырбай Қаракөз атты қыздарым өз туындыларынан ғылыми жоба ретінде қорғап,жүлделі орындарға ие болды. Өлеңдерін шебер жаза білді

Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі.

Ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігін осы Абай шығармашылығы арқылы ұғындыру мүмкіндігі мол. Осы үзіндіні жаттап, іс жүзінде пайдалануды өмірлік әдетке айналдыру керек. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген.  Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын — Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті.

Сондықтан шәкірттердің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қабілетін оятуға, дарынын шыңдауға, сол арқылы тәрбие бұлағынан емін-еркін сусындауына жағдай туғызуды көздеймін.

Абайды бізбен мәңгілік бір қылатын да осындай ұғым, осындай сенім.

Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

Спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.

Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.