Home » Жаңалықтар » ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАСЫН…

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАСЫН…

      «Білім айнасы»  республикалық газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы Ақмола облысы, Софиевка ауылында орналасқан «Софиевка аулының №21 орта мектебінің» ұстаздарымен жүздесіп қайтты. Мақсаты – ұстаз еңбегінің еленуі, жетістіктерінің бағалануы үшін жасаған авторлық жобаларымен таныстыру. 1981 жылы негізі қаланған мектеп 319 орынға арналған. Қазіргі уақытта онда 515 оқушы білім алуда. Шағын орта мектеп болғанымен жетістіктері жетерлік. Білім ордасы оқу озаттары мен «Алтын белгі» иегерлерін санамағанда, республикалық олимпиадалар мен дене шынықтыру жарыстарының біршама жүлдегерлерін даярлап отыр. 2002 жылдан бері мектепте директор қызметін атқарып жүрген Жүрқадам Жексенби Қадырұлының айтуынша, мектеп мақтаныштары жыл сайын көбейіп, оқу орнының беделін арттыруда. Ал, бұл жасалып жатқан еңбек елеусіз қалмауы үшін Қуантай Амантайұлы өзінің 6 авторлық жобасын ұсынды. Аталған жобалармен танысқан ұстаздар ерекше қызығушылық танытты. Пайдалы ақпаратқа қаныққандарын және жобалардың педагог мамандар үшін өте тиімді екенін айтып, Қуантай Амантайұлына алғыстарын білдірді. Болашақта білім ордасы мен «Білім айнасы» редакциясының арасында тығыз байланыс орнайды.

Жұпар САНСЫЗБАЕВА
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.