Home » Мақалалар » «Әке –алтын діңгек»

«Әке –алтын діңгек»

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайыны
                                  ІІ санатты тәрбиешісі
Уалиева Ризагул Сагандыковна

                  Мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында әкелермен өткізіліп жатқан тәрбие сағатында ұлттық құндылықтарды жаңғырту  және ұлттық рухты сіңіру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; «Мәңгілік ел» болудың идеясын қалыптастыру үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматының және жастар мен болашақ ұрпақтың рухының биік болу керектігін ұғындыру.

Түрі: тәрбиелік іс-шара

Қатысушылар: балалары мен әкелері.

Өту барысы:

Кіріспе сөз.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты,

Ардақ тұтып үлкенді,

ата жолын жалғапты,

— демекші, бүгін бөбекжайымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіліп отырған  «Әке –алтын діңгек» атты тәрбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Олай болса, тәрбиенің ең мәндісі, ең маңыздысы отбасынан басталуы тиіс. Отбасындағы шаңырақтың тірегі – әке. Отбасының қамқоры, басқарушысы, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды. Әке ер баланың –досы әрі ақылшысы, қыз баланың қамқоршысы. Сонымен, баланы баулу, тәрбиелеу- әке мойнына жүктелген парыз.

  1. Сайыс кезеңдері:

       1)Таныстыру

2) Сұрақ-жауап

3) Мақал құрастыру

4) «Садақ ату» ойыны

       5) Өнер көрсету

6) «Қол күрес»

7)Тапсырма беру (Батыр, жылқы әбзелдерін атау)

       8) «Қамшы өру»

9) Құрастыру

      10) Би: «Қара жорға»

Cайысқа қатысушылар :

  1. «Балапан» тобының әкелері:
  2. «Күншуақ» тобының әкелері:

I.Таныстыру. Қатысушы әкелеріміз  өздерін таныстырып өтеді

 

  1. Сұрақтар:

Сайыста өнер сынайық,

Өнер жақсы лайық,

Жеңіске жетер бірлескен,

Ал, қане, шапшаң табайық, мында берілген сұрақтарға жылдам жауап қайтармыз.

  1. 1. Қ. Р. Рәміздерін атау? (Ту, елтаңба, әнұран)
  2. 2. ҚР президенті кім? (Қ.Ж. Тоқаев)

 

3.Жылдан құр қалған жануар (Түйе)

4.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

 

5.Тәрбиешінің аты-жөні?

6.Баланыз келіп жүрген топтың аты?

 

7.Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі? (Карта)

  1. 8. Ата заң қай күні қабылданды? (30 тамыз)

 

  1. 9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
  2. 10. Балаңыздың туған күні?

IΙΙ.Мақал құрастыру.

Қайсысы білгір,білімді,

Талабына қарайық

Кімдер зерек,кім жылдам?

Тапқырларды табайық,

Мақал құрастыру ойыны. Екі топқа қиылған мақалдар беріледі. Әкелер құрастырып мақал шығару керек.

1.Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ.

(Ата – ас- қар тау, ана – бауы-рын-дағы бұ-лақ, ба-ла – жа-ға-сын-да-ғы құ-рақ)

  1. Әкесі бардың ырысы бар, інісі бардың тынысы бар.

(Ә-ке-сі  бар-дың  ты-ны-сы бар, і-ні-сі бар-дың  ты-ны-сы бар)

ΙV. Садақ ату. Ерте кезде аң аулауда қолданылған. Қазақ халқының жамбы ату, алтын хабар, теңге алу секілді ұлттық ойындарында  мергендікті білдіру мақсатында кеңінен қолданылды. Қазір екі топтың әкелеріне тапсырма «Садақ ату» түрін көрсетіп жіберу.

  1. «Өнерлі өрге жүзер»

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Таңқалдырып сіздерді,

Әнді айтып, күйде шертіп, би де билеп береді.

Ортаға әкелерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

  1. «Қол күрес»

 

VII. Тапсырма беру (Батыр, жылқы әбзелдерін атау)

Екі топқа тапсырма беріледі. Бірінші топ батыр сауыт саймандарын атау, екінші топ жылқы әбзелдерін атау. Әкелеріміз атайды, тапсырма соңында дұрыс жауабы слайд арқылы көрсетіледі.

 VIII.  «Қамшы өру»

Баға жетпес ұлттық құндылығымыздың бірі – қамшы. Әр қазақтың шаңырағына сән беретін ұлттық бұйым. Ол бірегей өнер туындысы ғана емес, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі саналған. Сол себепті, әрбір қазақ қамшының қасиетін біліп жүруі керек. Осы бағана өздеріңіз атап кеткен ат әбзелдерінің бірі- қамшы өру. Ата-бабамыз бұрыннан қамшыны өздері қайыстан өріп қолданған. Екі  топқа керек заттар беріледі, қатысушы әкелеріміз қамшы өріп шығулары керек.

ΙХ. Құрастыру

Х. Би «Қара жорға»

Ортаға шығып барлығы «Қара жорға» биін билейді.

Қорытынды.    

                                      Әкенің ақылы керек екен,

Таптырмас ой-сана береді екен.

Алтыннан жасалған үш әріпке,

                                     Өмірде еш нәрсе теңелмеген.

«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі»  баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.

Марапаттау

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.