Home » Жаңалықтар » ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Тлеубай Сәуле Тұмарбекқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
 Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, инновациялық білім беру және
ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы,
Қарағанды қаласы

   Бүгінгі таңда білім берудің басты стратегиялық міндеті – рухани және әлеуметтік, адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, зерделі тұлға қалыптастыру болып табылады. Сондықтан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай ету мақсатындағы игілікті істер жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде білімнің маңыздылығы жоғары бағаланып, оған барынша жан-жақты қолдау көрсетілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, оқу-білімге деген құштарлығын ояту, бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытып отыру бүгінде әр ұстаздың басты міндеті болуы тиіс. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпаққа ғылыми білім берумен қатар оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру – қазіргі ұстаздар алдындағы келелі мәселелердің бірі. Осыған орай Қарағанды «Өрлеуінде» біліктілікті арттыру курстары және курстан кейінгі кезеңдерде ұлттық құндылықтар мен мақсатқа бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Ал бұл  мақсаттар инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамыту, мектеп мән мәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, жүзеге асыруды сонымен қатар халықаралық тәжірибемен өзара байланысуды көздейді. Сондықтан да педагогтардың бaсты мақсaты рухaни-азaматтық құндылықтaрды жеке тұлға бoйына дaрыта отыpып, oның жүрeк түкпірiндегі рухaни қaзынасын жарыққa шығaру.

Оқу материалын меңгеру тек таным аясын дамытып қана қоймайды, сол сияқты ұйымшылдық, дербестік, шыдамдылық, іскерлік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік сияқты тұлғалық қасиеттері мен сапаларын қалыптастырады.

Оқу мен тәрбие егіз ұғым, бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушыны тәрбиелеуді қысқа мерзімді сабақ жоспарындағы «Мәңгілік ел» идеясы құндылықтарын пән мазмұнымен үйлестіре жоспардың әрбір кезеңіне кіріктіру қажет. Ұлттық тәрбиенің көздері – ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер және  туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары арқылы әрбір сыныптың қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру және тағы басқа сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы зор. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін, ән-күй сабағында түрлі әуендермен, дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындармен, ал еңбекке баулуда нақышты  ою-өрнектермен және т.б. танысады. Осылайша мектеп қабырғасында тұлға бойындағы адами ізгілік қасиеттер, ой-танымдары мен әлеуметтік қатынас дағдыларының іргесі беки түсетіні анық.

Білім беруге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл негізінен білімнің төрт сипатын біртұтас қарастыра отырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Осыған орай білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлықтар болып табылады.

Қорыта келгенде, кез келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, туымызды желбірететін, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Әрине, бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ізгілікті іс-әрекеттің орындалуына және біліктілікті арттыру қызметі арқылы барынша үлес қосу.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.