Home » Мақалалар » Ұстаздар қашықтықтан оқытуға машықтанып қалды

Ұстаздар қашықтықтан оқытуға машықтанып қалды

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектеп директорының
оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Табынчаева Сания Рсбаевна

Бүгінгі күнде  жаһандық  мәселеге айналып отырған короновирус дертінің барлық  мемлекеттермен қоса біздің елімізге де жетіп, қиындықтарды  еңсеруде. Елімізде карантин  жарияланып,ел амандығы үшін осы індеттен халқымызды аман алып қалу жолында түрлі  іс-шаралар жүргізілуде.Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен оқушылар мен студенттерді оқыту ісі қашықтықтан оқыту форматына көшті.Уақыт талабына сай  қашықтықтан оқыту үшін алдымен дайындық жұмыстары,түсінік жұмыстары кеңінен жүргізілді.Қалалық білім бөлімі, Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы тарапынан  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдымен қашықтықтан оқытуға машықтану үшін түрлі кедергілерге де ұшырадық. Кедергілерді жеңу үшін ұстаздар бір-бірімен  ақылдасып, кеңесіп отырды. Ұстаздар жамағаты әрбір мәселені шешуде шыдамдылық,сабырлылық танытты. Республикалық педагогикалық шеберлік орталықтарының жүргізген вебинар сабақтарынан көмек алып,тиімді әдістерді үйренді. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды саралап,оқушылармен тиімді жұмыс жасау үшін ғаламтор желісінен түрлі материалдар алып,әсіресе,оқушының өз бетінше білім алуы үшін,ізденуі үшін тапсырмалар дайындап отырған ұстаздар жамағаты  әрбір сабағының жақсы болуына мән беруде.Мұғалімдер өздері дайындаған тапсырмаларын ғаламторға жүктеп,оқушылар да орындаған тапсырмаларын кері байланыс орнатып, сайтқа жүктеп отыр.Ұстаздар қауымы қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтар,сынып сағаттарын ютуб каналына жүктеп ,өз әріптестерімен тәжірибе алмасуда.Сондай-ақ Фейсбук парақшасына да жүктеп отырған әріптестеріміз де көп. Педагог қашықтықтан оқыту кезінде сапалы білім беру үшін  ғаламтордағы түрлі ресурстарды тиімді пайдаланып отыр. Үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ файлдарын беру,тапсырмаларға  кері байланыс жасау,т.б  жұмыстарға бұл күнде ұстаздар машықтанып қалды.Оқушыларда өз үстінде жұмыс жасап ,өз бетімен ізденіп отыр.Ұстаздар жамағаты да қашықтан оқыту арқылы заманагөй техниканың түрлі қырларын меңгеруде. Қашықтан оқыту мұғалімнің біліктілігін көтерді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды, ата-аналардың жаңа технологияға көзқарастарын өзгертті.

Қорыта келе айтарым,барлық ұстаздар қашықтықтан оқытуға машықтанып қалды.Осы бір қиын сәтте бір-бірімізді қолдап,сапалы білім беру үшін әлі де еңбектене беретін боламыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.