Home » Мақалалар » Бұлыңғыр күннің артынан,бұлтты түре күн шығар!

Бұлыңғыр күннің артынан,бұлтты түре күн шығар!

         Күннен күнге адамдар жай тоқтап,өмірінің аз ғана сәтін қоршаған әлемнің кереметін тамашалау үшін уақыт арнауға мүмкіндік таба алмайды.Ал табиғаттың ғажайып көріністерін бақылауға,әр дыбыстарына көңіл  бөлгенге не жетсін!Бізді табиғаттың қаншама көркем туындысы қоршайды. Адам табиғатты толық түсінгенде ғана оның ішкі жан дүниесі,рухы асқақтай бастайды.

Сол демекші,біздің қасиетті Мерғалым(нағашым) ауылының маңындағы Үшқамыс көліне күні кеше бір топ  аққулар ұшып келді. Аққулар – бейнесімен үйлескен табиғат көркі,қазақ жерінің киесі.Қазақ халқы қастер тұтқан  бұл киелі құстардың ұщып келуін: «Шағала келмей шаң болмас,аққу келмей боз болмас»  деген екен.Өйткені,шағала ұшып келгенде жаз келгенін,ал аққу ұшып келгенде шөп шығып,табиғатта жаңадан тіршілік басталады деп болжаған.Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі  күрт өзгеріп,жайнап,жанданып сала бергенін өз көзімізбен көріп, тамашаладық.

Туған өлке табиғаты- өзінің аң-құсымен ажарлы ,деп сөз бастаған ауыл үлкендерінің айтуынша:көктем ерте шыққанымен,аққулар тобымен жылда ұшып келмейді екен және де олардың ұшып келуі — жақсылықтың нышаны дейді.

Сондықтан да,жақсы сөзге құлақ түрсек:бұлыңғыр күннің артынан,бұлтты түре күн шығатынына сенейік!Алланың шексіз махаббаты мен мейірімі жердегілерді жалғыз тастамас.Жер жүзінде пенде біткеннің бәріне :жер жаһанды жаулаған бұл кеселден, сынақтан бес саусақтың саласындай бірігіп өтейік!Бәріміз барлығы жақсы болады  деп тілейік!

Павлодар облысы
Аққулы ауданы
Мерғалым ауылы
Бекмұрат Уахатов атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мүғалімі
Исагалиева Айгуль Сабыржановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.