Home » Жаңалықтар » Қуыршақ көрсе балаша қуанады…

Қуыршақ көрсе балаша қуанады…

Бүгін жол түсіп Астана қаласы Білім басқармасына қарасты Кәрім Мыңбаев атындағы
№59 мектеп-лицейінде болдым. Мектеп директоры Алма Алтынханқызы жылы қарсы алды. Үздік ұстаздарымен және аз уақытта оқу орнымен таныстырып шықты. Ол жайында видео үзінділер ұсынып отырмын. Сырттай қарағанға тұйықтау, қаталдау сияқты болып көрінетін басшы еді. Сөйтсем Алма ханымның көңілінің қысы жоқ, жаны жайсаң жаз кісі болып шықты. Бір теңеулерде айтатындай «аузын ашса көмейі көрінеді» соның нақ өзі екен. Қызметінің нағыз маманы. Жақсылықа жанымыз құмар ғой. Айналшықтап мектептен шыға алмай қалғанымызды қалай жасырайын.

BILIM AINASY
Астана
Қуантай Амантайұлы
Руслан Қуантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.