Home » Балабақша » «Қаршақызға арналған көктемгі сыйлық»

«Қаршақызға арналған көктемгі сыйлық»

Жақында Наурызбай ауданы Нұрбала бөбекжай-балабақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Қаршақызға арналған көктемгі сыйлық» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште  бүлдіршіндер «Қаршақызбен 7 ергежейлі» ертегісінен көріністер көрсетіп, Қаршақыздың, ергежейлердің, ару көктемнің, мысықтардың, батыл теңізшілердің рөлін сомдады. Ертегі соңында теңізшілерге жолыққан 7 ергежейлі Қаршақызға алтын балықты ұсынды.

Сондай-ақ шара барысында би билеп, ән айтып, өлең оқыды. Бұдан бөлек, кеште ата-аналармен  ойындар ойнатылды.  Ата-аналар қолдан бұйым жасап, сайысқа түсіп, жеңімпаздар сыйлықпен марапатталды.

Кеш соңында тәрбиешілер хормен  ән айтып, айтты. Балабақша меңгерушісі Алия Байбосынова келген ата-аналарға өз алғысын білдірді.

«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.