Home » Жаңалықтар » Тәжіктер келген күн

Тәжіктер келген күн

Тәжікстаннан келген қонақтарды мектебіміздің «Гүлшашу» ансамблі керемет бимен қарсы алды. Мектеп директоры Алма Алтынхановна мектеп дамуының негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды. Қонақтарды мектептің цифрлық контенті қызықтырды. Оқушыларымыздың дана Абай туралы ойлары, өзін-өзі басқарудың рөлі, STEM кабинетінің ғылыми жобаларға дайындалу мүмкіндігі туралы ақпараттарды асқан қызығушылықпен тыңдады. Қонақтарға «Цифрлық мұғалім» жобасын информатика мұғалімдері таныстырды. Цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, мұғалімдер өзінің кәсіби дамуын арттырады. Білім министрлігінің өкілдері болғандықтан, оларды НОБД, Күнделік, TOPIC, OPIC, TESTTER сандық порталдары қызықтырды. Қонақтар домбыра оркестрін тыңдап, балалармен суретке түсті. Кездесу байланыс деректерімен алмасумен аяқталды. Біз мұндай кездесулерге әрқашан қуаныштымыз, өйткені позитивті қарым-қатынас одан әрі прогрессивті даму үшін қажет.

 

Астана қаласы
Білім басқармасына қарасты
Кәрім Мыңбаев атындағы
№59 мектеп-лицейінің кадрлармен
жұмыс менеджері Нагима Рысбекова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.