Home » Жаңалықтар » Сандар әлемі

Сандар әлемі

Искакова Альфиза Кайратовна,
№18 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Сандар әлемі.
Мақсаты:
1) 5-ке дейін тура және кері санау.

2) Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3) Геометриялық фигуралардың пішіні мен түсін ажырата білу қабілетін қалыптастыру.

4) Заттардың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін шыңдау.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: 0- ден 5- ке дейін тура және кері санауды, сандардың көршісін табуды.

игереді: пішіннің көлемі  және түсі әртүрлі болуы мүмкіндігін.

меңгереді: қағаз бетінде бағдарлану дағдылары (жоғары, төмен,оң жақта, сол жақта, ортада). Белгілі бір затты орналасу бойынша табуды.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Күлімде күн, күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Күлімде күн, күлімде

Жайнай түсті күнім де

Жарқыраған жұлдыздай

Жарқ- жұрқ етті түнім де.

Педагог балалардың назарын келген қонақтарға аударады.                                                   Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті. Бұл қанақтар жай келмепті, бір сыбыс естіп келіпті.Осы бақшада бір алғыр, зерек топ бар деп естіпті.Қалай ойлайсыңдар ол қай топ болды екен?Балалар ол топ біздің топ «Түймедақ»тобы екен.Бұл кісілер сол сыбыстың қаншалықты рас екенін білу үшін тапсырмалар ала келіпті.Ал ой болса тапсырмаларды орындап көрейік!
Негізгі кезең

1 тапсырма

Қарапайым математика сабағында не үйренеміз?

Балалар 0-ден  5-ке дейін үш тілде туру және кері санайды.

Санамақтар

1 дегенім – Бесік

Шықтық одан өсіп

2 дегенім –Елім

Далам, тауым, көгім

3 дегенім – Үміт

Үміт артар жігіт

4 дегенім – Төзім

Төзе білемін өзім

5 дегенім – Бақыт

Бағалайтын уақыт.

Балаларға сандар белгіленген асықтар таратылады. «Қанталапай »ойыны шарты бойынша  балалар асықтарды алып , қай сан белгіленген болса , сол пішінге барып тұрады.Мысалы: 4 саны болса, төртінші тұрған пішінді санау арқылы үстіне тұрады және  сол пішіннің атын және түсін айтады.

2 тапсырма

Кеңістікті бағдарлай білесіңдер ме?

Балаларға ақ парақ , желім және бірнеше суреттер таратылады.Елтаңбаның, күннің, табиғаттың, жанұяның, және тудың суреттері.

Оң жақ жоғары- күн

Сол жақ жоғары – елтаңба

Оң жақ төмен – табиғат

Сол жақ төмен – жанұя

Ортада – тудың суретін жапсыру.

Суреттерді жапсырта отырып, әр суреттің өзіндік мағынасына тоқталып кету.

Сергіту сәті

Бір дегенім – көтеріліп, керілу.

Екі деген – еңкею мен созылу.

Үш дегенім – үш рет соғып алақан,

Бас изейміз үш қайтара балақан.

Төрт дегенім – құшақ жая, қол беру,

Бес дегенде – қоштасарда қол бұлғау.

Алты деген —  орнымызға отыру

Жеті – сегіз – жалқаулықтан арылу.

Ойын « Бізде де бар бесбармақ»

Шарты:Әр саусақтың аты аталғанда балалар сол сауақты көтереді.Ойынды сәл қиындату. Әр саусаққа реттік сан қою.Мысалы: 4 –ші дегенде балалар шылдыр шүмекті көтереді.

3 тапсырма

Сандардың көршісін табу

Балаларға 0 –ден  5-  ке дейінгі сандар салынған ұяшықтар таратылады.Ұяшықта кей сандар түсіп қалған, балалар сол сандарды толықтыру керек.

Рефлексия

Оқу қызметін қорытындылайды, балаларды мадақтайды.Педагог балалардан орындаған жұмыс түрлерін сұрайды.Балалар орындаған тапсырмаларын естеріне түсіреді.Нені оңай және сәтті орындағанын, қандай қателіктер жіберіп, неден қиналғанын айтады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.