Home » Ашық сабақтар »       Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар — Үстаздар

      Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар — Үстаздар

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№7 жалпы білім беретін лицей
орта мектебінің» тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Курманбекова Алия Аршабайқызы

8 ақпан  2020 жылы  күні Талғар қаласы  «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде мектепшілік ұстаздар арасында «Мұғалім болу – ұлағатты іс» атты шығармашылық жарыс, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бағысова Жанар Шайқынқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Шығармашылық байқаудың мақсаты: Жас мұғалімдер мен білікті ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Мектептегі ең үздік мұғалімдер тобын анықтау.

Мектеп мұғалімдері іс-тәжірибесіне және еңбек өтіліне қарай 3-топқа бөлініп топтастырылды. Мектебімізге келген жас мамандар мен жас ұстаздар, яғни білім беру саласында жасыл жапырақ сияқты ұстаздарымыз «Жалын» тобын құраса, ұстаздық жолында жүріп іс-тәжірибе жинақтаған, әлі де ізденіс жолында жүрген орта буын «Ынтымақ» тобына топтастырылып, білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқаны, шығармашылық шыңға шыққан  «Шығармашыл» тобын құрды.

Жарыстың шымылдығын мектептің ұлағатты ұстазы,  Талғар ауданының құрметті азаматы Агильская Такура Айдарбекқызы ашып берді. Жарыс 6 кезеңнен тұрды. Жарыс барысында, сабақтан үзінді көрсету «Жаңашылдық жолында» кезеңі бойынша әр топ мүшелері жаңа үлгідегі панорамалық сабақтарын көрсетті. Осы кезеңде «Ынтымақ» тобы жаңашыл сабақ үлгісін жоғарғы деңгейде көрсете білді, басқа топ мүшелері өздеріне қажетті жаңа үлгідегі әдіс-тәсілдері бойларына сіңдіре алды.

Сұрақ-жауап кезеңінде қатысушы топтардың  білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында педагогика-психологиялық сұрақтар қойылып, ұтымды әрі нақты жауап бере алды.

Тосын  тапсырма  кезеңінде қатысушы топтарға ситуациялық жағдайдан шығу негізінде  экраннан суреттер көрсетіле отырып, сол сурет бойынша қандай проблема немесе білім саласындағы қандай мақсат пен міндетті, реформаны меңзеп тұрғанын шеше білуге негізделді. Сонымен бірге, сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын жедел түрде шешу шеберліктерін көрсете білді. Бұл кезеңде  өздерінің білім-білік деңгейін, шеберліктерін жоғары деңгейде «Шығармашыл» тобы көрсете білді.

Коучинг көрсету кезеңінде қарсылас топ мүшелерін қоса отырып, коучингтің ең қажетті, құнды бөлімдері көрсетілді және жарыскерлер мен көрермендер көрсетілген бөлімнен өз тәжірибесіне қолдана алатын, тиімді әдістерін үйреніп, білім қоржындарын молайта түсті. Әр топ өздеріне жеткілікті дәрежеде білім-білік деңгейлерін шыңдады. Кезеңдер өзінің қиындығымен қызығы арқылы ерекшеленді. Әр кезең бойынша әділ-қазы алқалары әділ де, нақты бағалап отырды. «Өнерлі өрге жүзеді» демекші өнер кезеңінде «Жалын» тобы өз шығармашылықтарымен, ерекше өнерлерімен көзге түсе білді.

Жарыс соңында жеңімпаз топтар анықталып, «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» болған топ марапатталды. Әділ-қазылардың шығарған  шешімімен: Бас жүлдені «Шығармашыл» тобы жеңіп алып және «Үздік коучинг» номинациясымен марапатталып,   І орынды жалындаған жастар «Жалын» тобы ж және де «Өнерлі топ», «Креативті топ» номинациясымен марапатталса, ІІ орынды «Ынтымақ» тобы қанжығасына байлай отырып, «Жаңашыл топ» номинациясымен марапатталды. Жарыс соңында әділ-қазы мүшесінің төрайымы Т.Агильская мектеп ұстаздарына еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамайтын,талмайтын күш-қайрат  тілеп,жылы лебізін білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.