Home » Балабақша » Баланың эмоционалды әлемі-адамгершілік тәрбиенің бастауы

Баланың эмоционалды әлемі-адамгершілік тәрбиенің бастауы

Балабақша қабырғасындағы аңғал да кіршіксіз, алғыр да нәзік балалық шақ – нағыз сақтықты , дұрыс тәрбиені қажет ететін кезең.
Бүгінде психологиялық –педагогикалық теорияда баланың жағымды эмоцияларын дамыту ата-ана, маманның ғана емес тәрбиешінің жеке қасиеттеріне де байланысты екені белгілі.  Мейірімді, сенгіш сәби жүректерді жараламай қайта жайлы болуына жағдай жасау өте маңызды. Бала үшін орнын ешкім алмастырмас анасының көңілінен шығу үшін жасайтын әр ісіне көмек беру керек. Ата-ана болс а өзі деп жүрегі соққан бауыр еті баласына тек сүйіспеншілікпен қарап оның жан-дүниесін түсінуге тырысса бақытты отбасылардың қатары арта түсері сөзсіз.
Әр кім бей-жай қарамайтын осынау түсінікке «Адамгершілік –патриоттық тәрбие кластері» аясында  сан қырынан ізденіс пен үлгі алар мәнді дүниелер көрсетіп келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Макишева Клара Боранбаевна басқаратын №24 «Айналайын» балабақшасының педагогикалық ұжымы.
7 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының «Жастар» коворкинг залына жиналған серіктес №6 «Көктем», №13 «Тұлпар», №58 «Өркен», №71 «Мөлдір» балабақшаларының тәрбиешілерімен ата-аналары жиналған басқосудың ерекшелігі шешілмеген түйінге жауап табуға, мазалап жүрген ойға нүкте қоюға, кеңес алуға таптырмас орта болды.
Алғашқы болып сөз алған балабақша меңгерушісі  Клара Боранбаевна жиналған қонақтармен таныстырып семинар  тақырыбына  тоқталып өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша БАИ «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалының «Өзін-өзі тану» АРББ тренері Клименко Наталья Александровна «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» жайында тамаша жеткізді.
«Ақылды кісінің өзі де сөзі де сүйкімді» дегендей ойға қонымды дүниелер айтылды. Естіген ақылды емес көргенін қайталайтын бала үшін әуелі ата-ана үлгі болуы шарт. Өтірік айту, өзі оқымай тұрып балаға кітап оқуға үгіттеудің өзі ата-ананың қателігі. Баланы өз сценарийы бойынша өсіруге үйренген ата-аналар өлшеммен, есеппен жақсы көруді тоқтатса деген ойлар айтылды. Танымал психологтар ресейлік Алексей Богачев, «Материнская любовь» кітабының авторы Анатолий Александрович Некрасов, педагог Януш Корчактің кітаптарын оқуға кеңес берді. Ойын анық жеткізе білетін, тыңдаушыларды сендіре алатын тренердің шеберлігіне айтар сөзіміз жоқ. Жақсы сөз адамға ең керекті дәрумен екендігімен ойын қорытындылаған Наталья Александровнаға алғыс айтқан, кеңес алғысы келетінін айтқан  ата-аналар мен педагогтар қатары көп болды.
келесі сөз кезегін мәдени Эмоционалды Зияткерлік жобалардың Еуропалық Ассоциациясының сертификатталған тренері Асель Мұратова алып «Адамгершілік –патриоттық тәрбиедегі эмоционалды интеллекттің рөлі» тақырыбында өзекті ойларды атап өтті. Жаттығу түрлерін көрсетіп, сергіте отырып есте қалар дүниелермен бөлісті. Эмоционалды адам қадағалауды емес басқаны басқаруды жақсы көреді.  Тыңдауды білмеудің үлкен қателік екенін айта кетті. Ұл тәрбиелеп отырған жалғыз басты қатал аналардың да ұлдарының өміріне тигізер жағымсыз жақтары сөз болды. Балаға әуелі өзіңнің эмоцияңды білдіргенің дұрыс екенін де айта кетті.  Барлығы адамның қалай айтқанына байланысты екендігін ұмытпай, тек жақсы сөздермен тамаша ойда жүру жанға жайлылық әкелетінін анық түсіндірді..
Семинар «Менің баламның әлемі» квест ойынымен жалғасты. №1 Бекет «Бала тәрбиесі және қоршаған әлем» тақырыбында №24 «Айналайын» балабақшасының әдіскері Айгерім Султангазина ата аналарға әр түрлі суреттер ұсынылып, сол суреттер арқылы баласының тәрбиесін қалай ұштастыра алатыны туралы ой қозғады.
Мысалы ата-аналардың жауаптары: Менің алдымдағы жол, осы жол арқылы балам қайда жүрсе де өз Отанына, өз үйіне апаратын жолды ұмытпасын. Шетелде оқып табысты болса да, өз Отанына еңбегін сіңіру керек десе келесі бір ата-ана менің көз алдымдағы сурет отбасының бейнесі әкесі мен анасы балаларына шатыр жасап тұр. Сол шатырдың бірі құласа екіншісі де құлайды. Сол сияқты бала тәрбиесінде  ата-ананың да рөлі маңызды деп жауап қайтарды.
№2 Бекет «Балаңызбен ойнайсыз ба?» тақырыбында №6 «Көктем балабақшасының» әдіскері Салтанат Рамазан жүрізді. Бұл бекетте ата-аналар өздерінің балабақша бағындағы ойындар мен ойыншықтарын есіне түсіріп, қазіргі балалардың ойын түрлері мен ойыншықтарына тоқталды. Сонымен қатар олардың адамгершілік тәрбиеге қаншалықты пайдалы екендігімен бөлісті.
№3 Бекет «Релаксация»  №58 «Өркен» балабақшасының әдіскері  Алтынай Исина жүргізді. Бұл бекетте ата-аналар психологиялық тренингке қатысып, аңызға тоқталды. Онда «Қазір мен сіздердің әрқайсыларыңызға көбелек таратамын, алақандарыңызға көбелекті қондырыңыздаршы. Ал мен сіздерге бір аңызды айтайын. Ертеде бәрін білетін данышпан өмір сүріпті. Бір адам ол кісінің данышпан емес екенін дәлелдегісі келеді. Алақанына көбелекті қысып, «Данышпан айтшы кәне менің алақанымда қандай көбелек тұр? Тірі ме әлде өлі ме?»   деп сұрайды». «Өзі ішінен: «Егер тірі десе – мен оны өлді деймін, егерде өлі десе мен оны ұшырып жіберемін» деп ойлайды. Ал данышпан болса ойланып тұрып, “Бәрі сенің қолыңда”деп жауап береді» делінген.
Әдіскер сөзінің соңын  құрметті ата-аналар, осы көбелек сияқты бәрі сіздердің қолдарыңызда, яғни балалардың болашағы біздің қолымызда. Еңбек жолында сіздерге тілейтінім терең білім, қажырлы қайрат, алдарыңыздан білімді балалар тәрбиеленіп шыға берсін деген оймен түйіндеді.
№4 Бекет «Сұқбат» оны №13 «Тұлпар» балабақшасының әдіскері Клара Каюмова жүргізді.
Ата-аналарға Отбасы деген не? Бақыт дегенді қалай түсінесіз? Отбасы қандай болу керек? деген сұрақтар қойылып соңында балалардың жауаптары жазылған бейнебаян  көрсетілді.
Кеңес алып соңы ой қосуға ұлассақ рухани ордада басқосуға қонақ ретінде шақырылған №75 «Балалық шақ», №48 «Ақкөгершін»  балабақшаларының  меңгерушілері Айман Нүрсейітқызы, Гүлжан Әбенқызы, серіктес №13 «Тұлпар», №58 «Өркен» балабақшаларының меңгерушілері Толқын Қыдырбаевна, Ләззат Мақсұтқызы да оң бағасын берді.
Қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, шараның өз дәрежесінде өтуіне үлкен үлесін қосқан қос әдіскер Сұлтанғазина Айгерім мен Толғанай Жоламановаға және кітапханға ғимаратына саяхат жасауға шақырған  кітапхана қызметкерлері оның ішінде балалар кітапханасынан Құсайынова Айман Есенжолқызына, Амиржанова Нүргүл Өмірбекқызына, Шынтасова Меруертке ата-аналар мен балалар үшін жасап жатқан игі істеріне алғыс білдіреміз.
Рухани азық алар осындай шараны ұйымдастырған №24 «Айналайын» балабақшасының семинары көпке үлгі болса екен дейміз. Басқосудың көпшілікке  ұнағаны соншалық жүректен шыққан жылы тілектер, шынайы пікірлер толастамады.
Әр іс осындай нәтижелі болса ата-ана мен бала, балабақша арасындағы қарым-қатынас беки түссе бұл саладағы мақсаттың орындалғаны. Қатысқаным үшін өкінбейтін, көкейге қанша ой түйген тамаша кездесу үшін қайтара алғыс білдіргім келеді.

 

 Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.