Home » Жаңалықтар » Қазақстанның бес аймағынан 100 мұғалім білім жобаларын ұсынады

Қазақстанның бес аймағынан 100 мұғалім білім жобаларын ұсынады

26 шілде Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қаржыландыруымен АҚШ-тың Ball State University (Болл Стейт) зерттеу университетімен жүзеге асырылған үш апталық оқытушыларға арналған кәсіби даму бағдарламасының салтанатты жабылуы өтеді. 100 мұғалімнен құралған 25 топ өз жобаларын іс-шараға қатысушы қонақтарға, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Теодор Лингке, Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Нұрділдәқызы Даироваға таныстырады. Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстандағы орта мектептерде үштілді білім беруді жетілдіру және қатысушылардың оқу-әдістемелік материалдар қорын байыту.

ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментімен тығыз қарым-қатынастың арқасында 2019 жылдың сәуірінде Болл Стейт университетінің профессорлары Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Ақтөбе қалаларының 50 ғылыми-жаратылыстану пәндері және 50 ағылшын тілі мұғалімдеріне жобалық оқыту негізіндегі кәсіби даму тренингін өткізді. Мамыр мен маусым айларында орта мектеп мұғалімдері онлайн оқу өтіп, 100 мұғалімнің барлығы Нұр-Сұлтан қаласында 8-26 шілде аралығында ұйымдастырылған тегін кәсіби дамыту тренингісіне қатысуға мүмкіндікке ие болды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.