Home » Tag Archives: ҚР БҒМ

Tag Archives: ҚР БҒМ

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беру

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектептерге бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беру ережесінің қабылданғаны туралы хабарлайды. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың нысандарды жалға алу мүмкіндігі бар. Жалға алу нысандары сабақтан тыс уақытта және демалыс кезінде келесі бағыттар бойынша сәйкес беріледі: 1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт саласындағы ...

Толығырақ »

ҚР БҒМ: Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету

Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері  бақылаушы ретінде шақырылды  Елімізде 2019 жылдың 10-15 тамызы аралығында 27 пунктіде магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін 30579 өтініш қабылданды. Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, ...

Толығырақ »

2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы  

2019 жылдың 7 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбы бойынша on-line режимде кеңес өткізілді. Жиын «Қазақстандық білім және ғылымның жаһандық құндылықтары мен сапасы» атты білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық форумы аясында ұйымдастырылған. Онлайн режимде өткен кеңеске облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ...

Толығырақ »

Техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамытуға арналған бағдарламаларды іске асыру мақсатында бизнес-қауымдастықпен әріптестік негізінде жұмыс берушілерді тарту, ТжКБ ұлттық жүйесінің беделін арттыру мақсатында Атырау қаласындағы «APEC Petrotechnic» колледжінің базасында «Білім берудегі әріптестік оқытудың сапасын арттыру факторы ретінде» панельдік сессиясы өтті. Сессия «Балалардың мүддесі үшін педагогикалық қоғамдастықты шоғырландыру» тақырыбында ұйымдастырылды. Тақырыптық алаң кадрларды даярлаудың қазақстандық және шетелдік озық тәжірибесін трансляциялау ...

Толығырақ »

Шымкенттік университетте тексеріс басталды

Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет базасында есірткі притоны әшкереленгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кең жарияланған болатын. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі 5 тамыздан бастап университет қызметінің білім беру жүйесіндегі заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жоспардан тыс тексеріс басталды. Тексеріс комиссиясының құрамына министрліктің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінен және «АDAL BILIM» жоба офисінен эксперттер кірді. Негізгі зерделенетін ...

Толығырақ »

Қазақстанның бес аймағынан 100 мұғалім білім жобаларын ұсынады

26 шілде Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қаржыландыруымен АҚШ-тың Ball State University (Болл Стейт) зерттеу университетімен жүзеге асырылған үш апталық оқытушыларға арналған кәсіби даму бағдарламасының салтанатты жабылуы өтеді. 100 мұғалімнен құралған 25 топ өз жобаларын іс-шараға қатысушы қонақтарға, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Теодор Лингке, Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Нұрділдәқызы Даироваға ...

Толығырақ »

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздіктерін қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

2019 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі — ВАК) ХХІV отырысы өтті. Отырыста білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін арттыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, балалар үйлерін қысқарту, психологиялық медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметі төңірегіндегі мәселелер қаралды. Отырысқа Қазақстан ...

Толығырақ »