Home » Мақалалар » АУЫЛДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ  

АУЫЛДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ  

Карымбаева Сагадат Мейрамбаевна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
акционерлік қоғамының филиалы

«Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады.
Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы…»
«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ». 2 қыркүйек 2019ж. Қ.Тоқаевтың жолдауы.

Әлемдік тәжірибелерді саралап қарар  болсақ, педагог кадрлардың кәсіби даярлығы сапалы білім беру ісінің басты кепілі ретінде қаралады. Оқытудың заманауи технологияларын шебер меңгеріп, оны кәсібилікпен ұштастыра алатын оқытушының жаңа тұлғасын қалыптастыру қазіргі күннің көкейктесті мәселесі. Елімізде де педагогтердің, әсіресе ауылдық мектеп педагог кадрларының біліктілігін көтеру ауыл мектебінің білім сапасын жақсартудың жолы ретінде қарастырылады.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу, сыйлау, ерекше сезіммен жақсы көру және  оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл мұғалімнің терең  дүниетанымы мен үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен  келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Алдына қандай іс  түссе де оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Мұғалім – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі – шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі. Қазіргі ақпарат көздері мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана  қолынан келетін іс. Ел басына күн туған сәтте осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыруы қажет. Осыған орай, ауылдық мектеп мұғалімдері жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту форматына көшіп отыр.
Осындай жағдайда «Өрлеу» БАҰО» институттары 2020 жылдың  наурызынан бастап онлайн режимінде мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады. Онлайн форматқа көшу — қазір мұғалімдерге цифрлық құзыреттіліктермен танысуды күшейтуге және осы бағытта қайта құрылымдауға тура келетін кез.
«Өрлеу» қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы Blended Learning форматында курстарды ұйымдастыруда жеткілікті тәжірибеге ие. Соңғы үш жыл ішінде балабақша педагогтері, мектеп мұғалімдері үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, жоо оқытушылары үшін қазақ тілін латынға көшіру бойынша аралас курстар өткіздік.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ облыстағы шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру онлайн курсын өтіп жатыр. Онлайн курс барысында тыңдаушыларға өз бетімен оқу кезінде қолдануға қолжетімді жағдайлар ұйымдастырылды. Курс youtube каналында тікелей эфир арқылы өтілуде және техникалық мүмкіндіктеріне қарай электронды почта, whatsapp желісі арқылы бейне сабақтар жіберілуде, күнделікті кері байланыстар алынуда. Курс кезінде тыңдаушылар біліктілігін арттырумен қатар, онлайн оқыту әдістемесін тиімді қолдану әдістерімен де тәжірибе алмасуда. Сапалы білім қызметін алуда мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейту және олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне қамтамасыз ету мақсатында өтілген оқытудың ұйымдастырушылық формалары курс тыңдаушысы мен тренер-тьютердің кері байланысы арқылы жұмыстың жаңа сапаға — тәуелсіз қызметке өтуіне септігін тигізді.
Ауыл мұғалімдері қашықтықтан біліктіліктерін арттыру арқылы алдағы оқу жылындағы оқытуын табысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Әріптестерге сәттілік және үздік нәтижелер тілеймін!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.