Home » Мақалалар » Бұлақтың шам шырағы – денсаулық.

Бұлақтың шам шырағы – денсаулық.

 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.
Изтилеуова Шынар Науанхановна
Жаңақорған аудандық жалпы білім беретін кешкі мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі.

Үлгілі  тәрбие сағаты.

«Маскүнемдік – сатып алған ауру»
                                                         Аристотель

«Тән тазалық тамыры тазалықта

Жан саулықтың тамыры тән саулықта»

                                                         А. Байтұрсынов

Сабақтың  тақырыбы:   Бұлақтың шам шырағы – денсаулық.

Сабақтың түрі:  Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, мақал – мәтел айту,  сөз жұмбақ шешу.

Сабақтың   жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Өлең оқу

3.Сөз жұмбақ шешу

4.Көрініс

5.Мақал – мәтел оқу

  1. Сабақты қорытындылау сұрақтары

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларға ғасыр дерті темекі, есірткі, арақ секілді жаман әдеттен  сақтандыру, денсаулыққа зияндығын түсіндіру. Салауатты өмір  салтын қалыптастыруға насихаттау.

Міндеті:

Салауатты өмір салтына байланысты ішімдік темекі шегу, нашақорлық  т.б. ауруларының адамға тигізетін кері әсерін түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың дербес жұмыс істеуін сөйлеу қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге баулу .

Тәрбиелік:

Жат әдеттерден аулақ болуға, салауаттылыққа  тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында  көрсетілген өзекті мәселелерінің бірі – салауатты  өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.  Салауатты өмір сүру дегеніміз не?  Ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекетерден аулақ болу. Ал  зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым щегу, нашақорлық,  маскүнемдік.

«Денсаулық  — зор байлық» дейді дана халқымыз. Денсаулық табиғат сыйлаған ең басты  байлық.  Денсаулықты сақтаудың бірден – бір дұрыс жолы – зиянды, жат қылықтарға ( арақ ішу, темекі тарту) т.б.  үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа  айналуына жол бермеу немесе алдын алу, сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

САЛАУАТТЫ деген сөздің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

ӨМІР САЛТЫ дегеніміз – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі.

Мақал – мәтел айту

1 – оқушы.

«Маскүнемдік – сатып алған ауру»

                                                         Аристотель

2 – оқушы.

Мас болу – өз ықтияарымен есуастану.

                                                         Аристотель

 

 

3 – оқушы.

Шайтан өзі кіре алмайтын жерге шарабын құяды.

Татар халқының мақалы.

4 – оқушы.

Жасында  темекісін  бұдақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

5- оқушы.

Шылымды  әр татқаның-

Табытыңа шеге қаққаның

Халық мақалы.

Сөз жұмбақ шешу.

 

 Д            
     Е   
  Н   
 С  
 А   
       У    
      Л     
      Ы  
        Қ      

 

1.Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану  керек?

2.Тазалық сақтау  туралы ғылымды не дейді?

3.Гтгенаны ерте кезден бастаған елді ата?

4.Адамға ең керекті тағамдардың бірі?

5.Адамға не жетіспегенде өмір сүре алмайды?

6.Денсаулықты жақсартатын жағдайлардың бірі?

7.Денсаулықты сақтау туралы қандай ғылым бар?

8.Денсаулығыңа ең керекті нәрсе?

9.Дұрыс өмір сүру салтына жатады?

 

Өлең оқу.

Әбибулла Қыдыр.               «Арақ, мастық, жар, жан, шаттық иманның шешуі.»

Ануарбеков Мұрат.           «Арақ пен темекіні дос қылма.»

Мантай Айдана.                 «Жек көремін арақты.»

Алғабас Айда.                  « Маскүнем   ата ұрпағы»

Мұғалім  сөзі:

Маскүкмдікке салыну бауырды зақымдайды  яғни цирроз ауруына шалдығады. Мұндай аурумен ауырған  адамдардан туылған бала ауыр асқыну ауруларымен туылады.

Оқушы Қ. Айдар.Эколог

Біздің қоғамымызда ішімдік, теекі, есірткі заттары тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде.

Оқушы Мереке. Демограф

Дүние жүзіндегі  қандай да болмасын, ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі т.б  жаман әдеттер кері әсерін тигізуде.

Оқушы   М.  Марина. Психолог

Мектеп жасында шылым шегетін,  арақ ішетін оқушылар ешнәрсемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Мұндай оқушылар  ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет әлпеті табиғи өңінен айырылады.

 

Оқушы Мереке.

  Алкоголь —  адамды уландыратын зат. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас  қорыту мүшелеріне, миға, адамның жүйке жүйесіне әсер етеді.

 

 

 

Мұғалім

Бір көкем арақ ішіп ажырасса,

Бірі отыр тас түнек темір торда.

Бірі ішіп асықса ажалына,

Сонда бұл айтыңдаршы кімге пайда.

Көрініс. «Ажалыңа асықпа, айналайын.»

Мұғалімнің сөзі.

Нашақорлыққа салынған адамдар  әбден есірткі заттарына тәуелді болғанда, оны біраз уақыт қабылдамаса, науқас  қатты қиналып, буындары үзіліп кететіндей  болады. Сүйектері сырқырап аурады. Аурудың жүрегі қысылып ауа жетпей, қалың тер басып жаны мұрнының ұшына келеді.  Мұндай жағдайдан нашақорлар тек үйреншікті есірткінің кезекті мөлшерін қабылдағагда ғана шығады. Сондықтан олар сол есіркі затын табу үшін ешнәрседен тайынбайды. Ал мұның соңы  өліммен аяқталады.

Бала рөлінде оқушы А. Қыдыр. Ана рөлінде А. Айда. Есірткі тасушы рөлінде А. Мұрат.

Мантай Айдана. Мұхамеджан Естеміровтың арақ зияндылығы жөнінде  айтқан нақыл сөзі.

Арақ – әзәзіл шайтанның зәрі.

Арақ – тозақтың шарабы.

Арақ – отбасын ойран етуші.

Арақ- нәпсінің жолдасы.

Арақ – ақылдыны ақылсыз етеді.

Арақ – қоғамдағы кесел.

Арақ – ата – анаға құрметті өшіреді.

Арақ – тарихыңды өшіреді.

Арақ – иманы қырық күн болмас,

Арақ – зинақорлық жасатпай қоймас

Арақ- бала – шаға несібесін жалмайды.

Арақ —  бос әрі былапыт айтқызады.

Арақ – денсаулығыңды бұзады.

Арақ – үйдің берекесін кетіріп,  пәлекет шақырады міне  осы қылмыстардың атасы  арақ.

 

 

КҮН ТӘРТІБІН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 

 

  Ұтымды үйлестірілген тамақтану    САЛАУАТТЫ Дене  тәрбиесі және спорт

   Зиянды дағдыларға  әуестенбеу    ӨМІР САЛТЫ Жеке бас гигенасын сақтау

                                                                            

                                                        Қоршаған ортаны тазарту

Қорытынды сұрақтары:

1.Зиянды әдетерге не жатады?

2.Күн режимін сақтайсың ба?

3.Тісті күніне неше рет жуу керек?

4.Денсаулық дегенді қалай түсінесің.

5.Адам күніне неше сағат ұйықтау керек?

6.Жеке бас гигиенасының түрлерін ата?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.