Назарбекова Жанат
Ұстаз болу-ұста болу
Шәкірттерден адам соғу !
Жан дүниесін жарқыратып
Айналаға жарық себу…!
Білмегенді қызықтырып
Білім беру үздік қылып
Сонда ғана мына қоғам
Дамиды алға тың ұмтылып
Ия,ұстаз болу айтуға ғана оңай! Бұл мамандықмың қандай қиын екндігін ,түнімен ұйықтамай жоспар жазған ,ізденген,еңбектенген ұстаздар ғана біледі…! Сондай айтулы ұстаздың бірі,осы мектептің түлегі,бұл күндері нағыз өз ісінің шеберіне айналған әріптесім-Нұрым Жаннат Қайнарбайқызы.
2003 жылы біздің мектепке өрімдей жас қыз мұғалім болып келді.Екеуміз де қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін болған соң етене араласып жұбымыз жазылмай бірге ізденетін болдық.Сабақ жоспарлары мен мектепішілік іс-шараларға ,түрлі жарыстарға бірге дайындалып,қоғамдық жұмыстарды да бірге атқарып жүрдік.Ол жас болса да айтқан ақыл-кеңестеріңді қағып алып,өз бетінше түрлендіре дамытып,әр сабаққа тыңғылықты дайындалып келетін.Бүгінгі күні теориялық және әдістемелік шеберлігі жетілген,шығармашылықпен сүйіп айналысатын ,қазақ тілі мен әдебиетінің зерттеуші-педагогі. 16 жыл еңбек өтілінің бастапқы жылдарында,түрлі көркемдік құралдармен сабағын қызықты өткізе білсе,соңғы 5-6 жыл көлемінде ноудбук пен интербелсенді тақта –оның ажырамас жұмыс құралына айналған.Ғаламторды «жылт еткен» жаңалықты қалт жібермей қадағалап ,оқулықтағы мәліметтерден бөлек «қосымша қызықты ақпараттар» атты зейін шоғырландыруға бағытталған әдіс-тәсілдері –аталған пәндерді сүйіп оқитын оқушылар тізімін 100 % көтеріп отыр.Бұған дәлел ретінде қолымда түрлі дипломдардан жүлделі орындар алған 53 түрлі марапаттардың тізімі бар.
Мұғалімдікпен қатар пән бірлестік жетекшілігі лауазымдық қызметін шебер ұштастыра білген ұстазды,шәкірттерімен қоса ата-аналары да ерекше құрметтейді.Өз әріптесімнің бойынан байқаған тағы бір озық қасиет –оның шексіз еңбекқорлығы.Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқушыларға терең насихаттай отырып,түрлі мүшәйралар мен жарыстарға талай шәкірттерін тұлпардай баптап қосып отырды.Бағы мен бабы қатар шапқан оқушыларымыз –Жетібай ауылының № 4 орта мектебінің абыройын үнемі асқақтату үстінде.Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін » Ақберен», «Мағжан оқулары» , » Мәшһүр Жүсіп » , » Әбіш Кекілбаев атындағы жыл сайынғы сыйақы тағайындау» байқауының » Жас көркемсөз шебері», » Жас ғалым», » Жас ақын» , «Жас актер» номинациялары бойынша аудандық сайыс жүлдегерлерінің басым бөлігі-Жаннат Қайнарбайқызының шәкірттері.2019 жылы облыстық «Әбіш Кекілбаев атындағы жыл сайынғы сыйақы тағайындау» байқауының» Жас көркемсөз шебері» номинациясы бойынша Тәжібай Заманбек І дәрежелі диплом Үздік оқырман номинациясы бойынша Социал Бақытжан ІІІ дәрежелі диплом иеленді.Манас Әйгерім,Өткелбай Арайлым, Әлқуат Ұлмекен,Төлеген Ақбота т.т оқушылардың да үнемі алып жүрген жүлделері –Жаннат ұстаздың ерен еңбегінің жемісі мен жеңісі деп біледі біздің ұжым.
Жан-жақты,шебер ұйымдастырушы,зерттеуші,заманауи әрі шығармашыл ұстаз, ІТ технологияның да қыр-сырын терең меңгеріп,өз білімін үнемі жетілдіру үстінде.Бұған дәлел ретінде әріптесімнің аудан көлемінен бастап облыстық деңгейде алған түрлі дипломдары мен алғыс хаттары,мадақтамалары мен сертификаттары куә.Бұл жарыстар менің әріптесімнің ұйқысыз өткізген,ізденген,шаршаған,қуанған,толқыған жүздеген күндері мен түндері…» Еңбек түбі жеңбек»- дейді дана халқымыз.Мен жас мамандарды Жаннат Қайнарбайқызы секілді еңбекқор,өзіне талапшыл,ізденімпаз ұстаз болуға шақырамын.
Қорыта айтқанда,» білікті ұстаз-мектептің абыройы,білімді ұрпақ-ұлт абыройы!»- демекпін.Соңымыздан еріп келе жатқан ізбасар мамандарға қолымыздан келгенше ақыл-кеңес беріп,уақыт өте келе, беделді тұлғаға айналып жатса алғыс пен ақ тілеуімізді айтып,жақсылығын көпшілікпен бөлісе отыруды-өзімнің азаматтық борышым деп санадым.