Home » Жаңалықтар » Бағдарлама жаңарған, ал оқытушылар ше? 

Бағдарлама жаңарған, ал оқытушылар ше? 

    Ақпанның 5 жұлдызы Қуантай Амантайұлы мен Әлима Қисымқызы Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Шашу» оқу-танымдық кешенімен жұмыс жасайтын бірнеше балабақша тәрбиешілермен №32 шағын балабақша ауданында кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты оқытушыларымызға «Жаңартылған бағдарламаның» негізгі принциптерін түсіндіру болатын. Сол себепті жиынымыздың басты спикері өз жұмысының шебері, «Жаңартылған бағдарламаны » жаңғақша шақырлатып шағатын Әлима Қисымқызы болды. Әлима ханым балалардың бір сабақта толық бағаланып үлгермеуі, олардың әлі де дұрыс кері байланыс жасай алмайтыны жайлы және беріліп жатқан білім түсіну мен білу деңгейінде шектеліп жатқаны сияқты проблемаларды көтерді. Бұл келеңсіздіктер өз кезегінде баланың қабілеттерінің ескерілмей қалуы, тұйықталуына және неше түрлі комплекстер иесіне айналуына әкелетінін көрсетті. Шешу жолы ретінде сабақ уақытының барынша оптимизациясы, әр минуттың тиімді пайдалануы және ата — ана оқытушы қарым-қатынасының барынша тығыз болуы, осы саладағы мамандар жауапкершілігінің арттыру секілді мәселелер көтерілді. Тәрбиешілер жаңа бағдарламен танысып қана қоймай, оның маңыздылығын барынша ұғынды десекте болады. Ендігі кезекте кездесуде алынған білім қолданылып және көбейтіледі деген үміттеміз.

Ақмырза ӘЛИМАН
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.