Home » Жаңалықтар » Ұстазсыз тәрбиеші балаға қандай тәрбие береді? немесе Аймағамбетов мырзаға ДАТ…

Ұстазсыз тәрбиеші балаға қандай тәрбие береді? немесе Аймағамбетов мырзаға ДАТ…

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші кезекте ең басты мақсаты кез келген білім ұйымдарының жоғарғы деңгейде қызмет жасауы немен байланысуы керек?
Бұл ақпаратты білім саласына үш қайнаса сорпасы қосылмайтында адамның білері анық. Бірақ кейде осы органның қабылдайтын шешімдеріне қарап сол жердегі жандардың өзі осы нәрседен хабарсыз көрінеді. Осы сөздеріме дәлел ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесі мазмұнын нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етіп отырған жалғыз Республикалық «мектепке дейінгі балалық шақ» орталығын жабуды алсақ болады. Ең бастысы ұстаздардың мәртебесін көтеруді бірінші орынға қоятын және сол үшін еңбектеніп жүрміз деген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұл істерімен өз-өздеріне қарсы шығып жатыр.
Кәсіпкерлікті қолдау немесе мемлекеттік мекемені қорғау ойымызға кіріп те шыққан жоқ. Деседе, Білім және ғылым министрі Аймағанбетов мырза жалғыз өзі төрт қабырғамен ақылдаса отырып осындай шешім шығарғаны түсініксіздеу болып тұр. Өзіне қарасты бір ұйымды жапқысы келеді екен. Бірақ неге жан-жақты талқыланбады?
Мектепке дейінгі ұйым әріптестермен сондай-ақ Онымен қоса жеке оқу орталықтары, Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы, Мұғалімнің кәсібилігін жоғарлату орталығы сондай-ақ колледждер, жоғары оқу орындарымен біріге отырып норматив талаптары негізінде мектепке дейінгі балаларға арналған әдістемелік көрнекіліктер дайындай отырып, демонстрациялық материал жасауда да еңбектері жоқ емес еді. Сонда қалай болғаны? Білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі білім беру қажет болмай қалды ма? Жаңартылған мазмұнға көшудегі жаңаша әдіс пе? Әлде…?
Осы жерден ашып айтсақ. Қазақстанда педагог мәртебесі туралы білдей бір заң бар. Онда үшінші бапта педагог мәртебесі ерекше екенін және оның кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдай қамтамассыз етілетіні айтылған. Ендіше, бұл заңды egov.kz сайтына ұйымды тарату жайлы түсіндірме жазбаны жасап шыққан мамандар бейхабар секілді. Әрине себеп мүлдем айтылмады десе өтірік болар . Дегенмен оны оқудың өзі күлкінішті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық ұйымдарды оңтайландыру, қысқаша оптимизация. Бұл жерде де айтылар уәжіміз бар .
Біріншіден, оптимизация мүлдем жауып тастау емес, ол қысқарту, азайту. Екіншіден, осы шешімді қабылдаған құрметтілер қысқартуды сол жабу арқылы жүргізіп жатырмыз десе, «Мектепке дейінгі балалық шақ» мекемесі қарапайым Қазақстандағы 10701 балабақшалардың бірі емес. Ол осы балабақшаларға нұсқаулық беріп отыратын, кез келген балабақшадағы орын алған мәселелерге білікті маман кеңесін бере алатын Республика көлемінде альтернативасы жоқ орталық . Яғни жалғыз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жол көрсетуші ұйымды «қысқарту» ол абсурд.
Мүмкін біздің бетімізге бұйрықтарын келіп басар, міне мына жерде мынандай президент бұйрығы шықты, ал мына жерде осылай жазылған деген қарсылықтарын білдіруі мүмкін . Алайда қарапайым елдің азаматы ретінде менде сұрақ туындайды.
Неге осы жандар басқа елбасы және президентіміздің шығарған заңдарына, бағдарламаларға мән бермейді, оны қоя берді өздері шығарған педагог мәртебесі туралы заңның өзінде педагог біліктілігін арттыру, педагогқа кеңес, педагогты кәсіптік даярлау т.б бірнеше маңызды баптар осы саладағы мамандар сапасы бірінші кезекте екенін көрсетеді, олай болса, «Мектепке дейінгі балалық шақ » орталығын жабу онсызда біліктіліктен сусап отырған мектепке дейінгі ұйымдарды шөл далаға тастағанмен бір емес пе? Ол жайында құзырлы органдар қаншалықты ойланды? Бұл сұрақ тек мені емес жалпы бүкіл балабақша тәрбиешілерін толғандыратын сұрақ болып тұр . Оны редакциямызға келіп түскен хаттардан көре аласыздар.

Ақмырза ӘЛИМАН 
«BILIM AINASY» 
Нұр-Сұлтан қаласы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.